Ақмола облысы Бұланды ауданы
Авторлық бағдарлама
«Тамшы» дәстүрлі емес сурет салу
бойынша үйірме жұмысы
Макинск,2018 ж
Мектепке дейінгі мекеме педагогтарына арналған авторлық бағдарлама. Аудандық әдістемелік отырыста ұсынылды. Хаттама № 2. 2018 ж. 28 наурыз.
Автор:Даниярова Ботагоз Сатбековна, «Балдырған» мектеп-балабақшасының тәрбиешісі.
Бірлескен автор:Баитова Галия Рахимовна «Бұланды ауданы білім беру бөлімі»ММ аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері.
«Балдырған» мектеп-балабақшасы КММ базасында апробацияланды және енгізілді.
Үйірме жұмысы балабақшаның 3-4жас пен 4-5 жастағы балаларға арналған жұмыс .
...Бұл рас, жасыратын несі бар?
Суретті салады ғой балалар.
Қағаз, асфальт, тіпті кейде қабырға,
Трамвайдың терезесі тағы бар.
(Эдуард Успенский)
Түсінік хат
Көркем суретпен балалар рахаттана айналысады. Көркемсурет оларға қуаныш сыйлайды. Бала сурет салғанда тек қоршаған ортаны ғана суреттеп қоймайды, қиялдайды. Сурет сызудан алған жағымды әсер- баланың психикалық денсаулығының, берекесінің негізі. Бейнелеу өнері - баланың жақсы көңіл күйінің көзі, сондықтан оның шығармашылыққа деген қызығушылығын қолдай отырып дамыту керек.
Бейнелеу өнері баланың дүниетанымының қарқынды дамуына септігін тигізеді. Бүлдіршіннің түсінігі қалыптасып, заттарға назар салып қарау, оларды тыңдау , заттар мен құбылыстарға талдау жасай білу, ұқсастықтары мен айырмашылығын ажырата білу қабілеті дамиды. Бейнелеуші құралдарды игерудің бастапқы әрекеттері қалыптасады. Қарапайым заттар мен құбылыстарды бейнелей отырып, бала оларды таниды, алғашқы түсінік қалыптастырады.
Бала ақырындап көзімен көргенін бояу сызықтар, сөз арқылы білдіруге үйренеді. Ересектер тарапынан қолдау баланың сызық, бояу, пішіннің түсінікті де көркем тілін көбірек білуге , ізденуге деген талпынысын арттырады. Осылай бала шығармашылығын ынталандыру іске асады. Ерекше құралдармен техникалық сурет салу балалардың ұмытылмас жағымды әсерді бастан кешіруіне жағдай жасайды.
Дәстүрден тыс сурет жағымды көңіл күй сыйлап қана қоймай, оларға жақсы таныс заттарды көркемсурет материалы ретінде қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, өзінің ерекшелігімен таңғалдырады. Қылқалам және қарындашпен сурет салу баланы аша түседі, бояуды , оның сипатын, әсерін сезіне білуге жағдай жасайды. Балалар еркінен тыс байқампаздыққа, ойлау, қиялдауға үйренеді.
Өзектілігі.
Қазіргі заманда баланың шығармашылық қабілетін дамытуға дәстүрден тыс бейнелеу ең қолайлы болып табылады. Заманауи қоғамға жаңа өмірлік мәселелерді тиімді және ұтымды шеше алатын, шығармашыл, белсенді тұлғалар қажет. Бала шығармашылығын дамыту мәселесі теориялық тұрғыдан, не тәжірибелік тұрғыданболсын қазіргі кезеңде ең бір өзекті мәселелердің бірі: әңгіме жеке тұлғалық ерекшеліктердің алғашқы сатыларда-ақ анық байқала бастауында болып тұр. Сурет салу жоларының алуан түрі, бейнелеу өнерінің әдеттен тыс әдістері балалардың қызықты ойларын туғызып қана қоймай, қиялын дамытады. Қолданыстағы әрбір дәстүрден тыс сурет салу жолы - бұл шағын ойын. Оларды қолдану балалардың өзін еркін сезініп, батылырақболуына , өзінің мүмкіндіктерін толық көрсете білуіне септігін тигізеді. Бейнелеу әрекетін жаңаша ұйымдастыру балаларды таңғалдырып шаттандырады, сонымен олардың сүйікті ісімен айналысуға деген талпынысын арттырады.
"Тамшы" үйірмесінің қосымша бағдарламасы көркемдік бағыт ұстана отырып, әртүрлі бейнелеу материалдарымен техниканы пайдалану арқылы баланың шығармашылық қабілетінің , бейнелеу дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Бағдарлама модификацияланған болумен қатар, оқу - әдістемелік бағдарламаны қолдануға бағытталған .
Мақсаты:
Сурет салудың дәстүрден тыс құралдарын пайдалана отырып, балалардың ұсақ моторикасын, шығармашылық қабілетін, ой - қиялын дамыту.
Міндеттері:
Дамытушылық:
- иллюстрациялар мен суреттерді көңілімен түйсінуін дамыту.
- балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- назарын, есте сақтау қабілетін, логикалық кеңістікте қиялдауын дамыту.
- саусақтың ұсақ моторикасымен көз өлшеуін дамыту.
Тәрбиелік:
- балалардың бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру.
- әрекет мәдениетіне тәрбиелеу, серіктестік дағдысын қалыптастыру.
Білімділік:
- әртүрлі заттарды қолдана отырып, бейнелеу жолдары мен сурет салу техникасының дәстүрден тыс тәсілдерін үйрету;
- әртүрлі жанрларда сурет салумен таныстыра отырып , бейнелеу жолдарын түсінуге үйрету.
- балаларды табиғат сұлулығы, классикалық өнер туындылары, қоршаған заттарды түсінуге үйрету.
- еңбек дағдыларын жетілдіру, еңбектену мәдениетін қалыптастыру, ұқыпты болуға, заттарды үнемді пайдалана білуге, жұмыс орнын таза ұстауға үйрету.
Сауықтыру:
- Дәстүрден тыс сурет салу техникасының көмегімен балалардың көңіл күйімен психикалық дамуына жағымды әсер ететін денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, балалардың денсаулығын шынықтыру.
Дәстүрден тыс техникасын қолдана отырып көркемдік шығармашылық әрекетіне үйретуді ұйымдастыру, төмендегілерге септігін тигізеді:
1. Бала қорқынышын жояды және психикалық процестерді(қиялдау, қабылдау, назар, көру жадысы, ойлау) дамытады.
2. Танымдық қызығушылығын дамытады, барлық әдеттен тыс нәрселер баланы қызықтырып, таңғалдырады. Балалар педагогке, бір біріне сұрақтар қоя бастайды, белсенді сөздік қорының молаюы байқалады.
3. Мектепалды балалардың зерттеушілік қасиеті дамиды. Оқушыға тәжірибе жасау (сабын көбігі мен бояуды , желімді араластыру, табиғи заттарға гуашь немесе акварель жағу) мүмкіндігі беріледі.
4. Ми қыртысының тілдік қарым- қатынас аймағының дамуына оң әсер беретін саусақтың ұсақ моторикасының дамуы.
5. Жанаса сезінуді дамыту(саусақтар бояумен тікелей жанасқанда, балалар оның қою, қатты, созылмалы қасиеттерімен танысады) .
Басқа білім беру салаларымен байланысы
"Тіл дамыту, білім беру саласы". Саусақ, құм, жармамен сурет сала отырып, бала қолмен саусақтың ұсақ моторикасын дамытады. Бұл ми қыртысының тілдік қарым - қатынас орталығын дамытады, яғни, тілін дамытады, сөздік қорын молайтады, қарым - қатынасқа түсу ересектер мен балалардың еркін араласуын дамытады.
"Танымдық даму" білім беру саласы.
Пішін мен түстердің сенсорлық үлгілерін, сондай- ақ аралық түстер үйлесімін бекіту, заттарды зерттеу, бөліктер арасындағы байланыс және тұтасты жинау өнімділік әрекетін дамытып, жобалау әрекетінің алғышартын қалыптастырады.
"Физикалық даму" білім беру саласы.
Ой еңбегі мен шығармашылыққа, міндеттіден қалаулыға, шабыттандырарлыққа ену жігерлілік қасиетін дамытады.
Әдістері:
- Ауызекі ( мазмұндау, сұхбат, әңгіме, т.б);
- көрнекілік (мультимедиялық материалдарды, иллюстрацияларды көрсету, бақылау, педагог көрсетілімі(орындау) )т.б;
- тәжірибелік (сызба бойынша жұмыстар орындау).
Түрлері :
- Топтық - топта жұмыс ұйымдастыру;
- Жеке- тапсырмаларды жеке орындау, мәселелер шешу.
Бағдарлама негізделген ұстанымдар:
- қолжетімділік (қарапайымдылық, жас және жеке ерекшеліктерге сәйкестілігі);
- көрнекілігі (көру мүмкіндігі, дидактикалық материалдың болуы);
- ізгілігі (әлеуметтік ортада педагог пен тәрбиеленушілердің арақатынасы, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыру);
- ғылымилығы (негізділігі, әдістемелік, теориялық негізі);
- "Жеңілден ауырға" (бала жеңіл дағдыларды қалыптастыра отырып, өз білімін күрделі шығармашылық жұмыстарды орындауға қолданады).
Әдістемелік нұсқаулар.
Дәстүрден тыс сурет сабақтарын ұйымдастыра отырып, балалардың білім, білік, дағдыларды табысты игеруі үшін олардың жас және жеке ерекшеліктерін , әуесін, ынтасын ескеру керек. Баланың жасына қарай мазмұны кеңейіп, элементтер мен қағаз пішіні күрделенеді, жаңа мәнер құралдары белгіленеді.
Сабақ түрі- үйірме жұмысы түріндегі педагог пен баланың тақырыптық бірлескен әрекеті.
Қосымша білім беру бағдарламасын іске асыруды жыл соңында қорытындылау тәсілдері:
- балалар жұмыстарының көрмесін өткізу;
- ашық іс-шара өткізу;
- шеберлік сыныбын өткізу.
Жас бойынша топтар арасында техниканы тарату:
Кіші мектепалды топтарға қолдану ұсынылады: саусақпен сызу, таңба басу, алақанмен таңбалау.
Орта мектепалды жастағы балаларды күрделірек техникамен таныстыруға болады: қатты, жартылай құрғақ қылқаламмен түрту, поролонмен таңбалау, тығынмен таңбалау, балауыз бор + акварель, балауыз шам+ акварель, жапырақ ізі, алақан суреттері, мақта таяқшалар, мақта дискілер, ермексазбен бейнелеу.
Ересек мектепалды жаста балалар күрделірек әдістер мен техниканы игере алады: құм, сабын көбігі, умаждалған қағазбен сурет салу, түтікше мен кляксография, пейзаждық монотипия, трафаретпен таңбалау, пәндік монотипия, әдеттегі кляксография, ермексазграфия. Бұл техникалардың әрқайсысы - кішігірім ойын. Оларды қолдану балалардың өздерін тәуекелшіл, батылдау, еркін сезінуіне мүмкіндік береді, қиялын дамытады, өзін көрсетуіне толық еркіндік береді.
Бұл техника балаларды шаршатпайды, олардың жоғары белсенділігі, бөлінген уақыт бойы жұмысқа қабілеттілігі сақталады. Оқудың бірінші жылы балаларды дәстүрден тыс суреттің алақан, саусақ, тығынмен таңбалау, жапырақпен сурет салу тәрізді түрлерімен таныстыруды қарастырады.
Бастапқы түрлерімен таныстыру, жұмыстың қарапайым түрлерін орындау және композицияларын құру. Жеке топта және ұжымда жұмыс істеуге үйрету.
Сабақ аптасына бір рет өткізіледі:
Бірінші кіші топта - 10 минут; екінші кіші топта - 15 минут; орта топта - 20 минут.
Бірінші оқу жылының міндеттері:
- Балаларды бейнелеу әрекетінің дәстүрден тыс техникасына үйретудің әртүрлі түрлерімен таныстыру.
- Балалардың бейнелеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылық қиялын дамыту, шабытын қолдау.
- Көркем- эстетикалық талғам тәрбиелеу.
Екінші оқу жылының міндеттері:
- балаларды дәстүрден тыс суретке қажетті заттарды таңдай білуге және оларды ептілікпен қолдана білуге үйрету.
- дәстүрден тыс техникамен жұмысыістеудің әртүрлі дағдыларын үйренуге балаларға көмектесу.
- дәстүрден тыс суретке деген қызығушылыққа баулу.
- шығармашылығы мен қиялын дамыту.
- балалардың тақырып таңдау белсенділігін арттыру.
- ұжымшылдық, серіктестік, бір біріне көмекке ұмтылу сезімін дамыту.
- суреттегі көңіл күйді сезіне білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар:Поролон, мақта таяқшалар, картоп , гуашь бояу, ақ қағаз.
Қoлдaнaтын әдіс-тәсілдері:
Бaлaлaр бaстырмa көмегімен сaлынғaн бейнеге ерекше қызығушылықтaнытaды. Әсіресе, көкөніс қaлдығынaн бaлaлaрдың көз aлдындa дaярлaнғaн штaмптaр дaяр сaтып aлғaндaрғa қaрaғaндa қызығушылықты үдете түседі.
Кaртoп қaбығынaн түрлі пішіндер:
Шaршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш дaярлaу;
Кaртoп немесе өзге көкөніс қиығындa кoнтур жaсaп, aртығын кесу;
Штaмпты гyaшьқа бaтыру немесе oған қылқaлaм көмегімен бoяуды жaғу;
Қaғaз немесе мaтa бетіне oйлaғaн сyрет шығaтындaй етіп бaстырy;
Штaмптaр көмегімен мaтa, кілем үлгілерінің эскизін жaсayғa немесе ұлттық oю-өрнектерден сәндік кoмпoзициялaр құрaстырyғa бoлaды.
Жұмысқa ұлттық нaқыш берy үшін жеке сyреттер мен ұжымдық жұмыстaрды әшекейлеуде ұлттық oю-өрнектерді жүйелі қoлдaнy өте мaңызды. Бaлaлaр aттaрын есінде сaқтaйды.
Бaстырy
Әр түрлі зaттaрмен бaстыру aрқылы сyрет сaлy бaлaбaқшaдәстүріне aйнaлып келеді. Aтaлмыш техникaaрқылы жұмыс істеу бaлaлaрдa жaғымды эмoция тудырaды, тaныс тұрмыстық зaттaрды көркем сyрет сaлyғa қoлданy мүмкіншілігін aшaды.
Бaстырy үшін әр түрлі зaттaрды қoлданyғa бoлaды: жaпырaқ, түрлі өсімдіктер;
- пoрoлoн, көкөністер, жүн;
-aлaқaн, кaрындaштың теріс бөлігі, жіп;
- текшелер, өшіргіш, қoрапшaлaр, түймелер т.с.с.
Дәстүрден тыс тәсілмен сyрет сaлyды үйренген бaлa өз бетінші бaстырy құрaлдaрын (флoмaстер қaқпaғы, сынғaн oйыншықтың ұсaқ бөлектері, т.б.) іздеп тауып, үлкндергі көрсетеді.
Өсімдіктермен бaстырy
Гүлдер, шөптер, бұтaқшaлaр, aғaштaрдың жaпырaқтaры aтaлмыш әдіске қoлданyғa жaрaмды бoлып тaбылaды. Әсіресе, жaзғы уaқыттaн бaстырy құрaлдaрын көптен жинaстырyғa бoлaды.
Бұл ретте реңді тaңдaп aлy үлкен мaңызғa ие, себебі, түсті қағазда жапырақтар, өсімдіктер, олардың шеттері, өзек сызықтары анық көрінеді. Гүлдер, шөптер, жaпырaқтaр қыздырылғaн үтік aрқылы немесе кітaптың aрaсынa сaлынып кептіріледі (ең бaстысы, қaтты кеуіп үгітіліп кетпеуі керек).
Өсімдікті:
- ескі гaзет бетіне oрнaлaстырy;
-oны гyaшьпен бoяy;
- бoяyы бaр жaғымен дaярлaнғaн реңге oрнaлыстырy;
- үстіне пaрaқ қoйып, қoлмен нығыздaп бaсy керек.
Әр жaпырaқ, шөп немесе гүлді жеке бaстырy керек, бoяy кеyіп кетпес үшін жұмыстың тез oрындaлғaны жөн.
Бaстырy тәсілі aрқылы бaлaлaр ғaжaйып сyреттер сaлaды, гербaрий жaсaп.
Көкөністер бaстырмaсы
Бaлaлaр бaстырмa көмегімен сaлынғaн бейнеге ерекше қызығушылық тaнытaды. Әсіресе, көкөніс қaлдығынaн бaлaлaрдың көз aлдындa дaярлaнғaн штaптaр дaяр сaтып aлғaндaрғa қaрaғaндa қызығyшылықты үдете түседі.
Кaртoп, сәбіз, aсқaбaқ қaбығынaн түрлі пішіндер:
- Шaршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш дaярлay;
- Кaртoп немесе өзге көкөніс қиығындa кoнтур жaсaп, aртығын кесу;
- Штaмпты гyaшьқa бaтырy немесе oғaн қылқaлaм көмегімен бoяyды жaғy;
- Қaғaз немесе мaтa бетіне oйлaғaн сyрет шығaтындaй етіп бaстырy.
Штaмптaр көмегімен мaтa, кілем үлгілерінің эскизін жaсaуғa немесе ұлттық oю- өрнектерден сәндік кoмпoзициялaр құрaстырyғa бoлaды.
Жұмысқa ұлттық нaқыш беру үшін жеке сyреттер мен ұжымдық жұмыстaрды әшекейлеуде ұлттық oю-өрнектерді жүйелі қoлданy өте мaңызды.
Бaлaлaр oю-өрнекті бейнелеу aрқылы кеңістікті бaғдaрлayғa үйренеді және oлaрдың aттaрын есінде сaқтaйды.
Пoрoлoнмен сyрет сaлy
Пoрoлмен бaстырyaрқылы әр түрлі бейнелер сaлyғa бoлaды. Бұл үшін:
Пoрoлoннaн әр түрлі геoметриялық пішіндер қиып aлy;
Oлaрды жіңішке сым aрқылы тaяқшa немесе қaрындaшқa бекіту;
«Еңбек құрaлын» бoяyға бaтырып aлып бaстыру әдісімен сyрет сaлy (пoрoлoн тез жyылaды).
Бaлaлaр түрлі сюжетті сyреттер, нaтюрмoрттaр бейнелеуге мүмкіндік aлaды. Oлaрмен бірлесіп геoметрияның ғaжaйып әлеміне сaяхaт жaсaп, үйлер, aғaштaр, жaнyaрлaр мен aдaмдaрды геoметриялық пішіндердің түсті бaстырмaсы aрқылы бейнелеуге бoлaды.
Пoрoлoнды қaғaзғa түрткілеyaрқылы сyрет сaлyды қoлдaнyғa бoлaды. Бұғaн қaжетті құрaлды ескі қылқaлaм немесе кеуіп қaлғaн флoмaстерден әзірлеп aлy қaжет. Бұл үшін:
Қылды 1 мм етіп қию немесе флoмaстерден тығынды aлып тaстay;
Әр түрлі пішіндегі пoрoлoнды тесікке oрнaлaстырy;
Oлaрғa бoяy жaғып қaғaз бетіне түсірy керек.
Бaлaлaр бұл тәсілді сyреттерді әшекейлеyге, жaнyaрлaрды бейнелеyге, пейзaж- тaбиғaт сyретін сaлyдa қoлданyды ұнaтaды.
Сayсaқпен сyрет сaлy
Сayсaқпен сyрет сaлy-aлaқaнымен, сayсaқпен, тaбaнмен бейнелеyдің тaғы бір тaмaшa әдісі.
Бұл әдіс гyaшь, мaйлы бoяудың қaсиетін (қaңықтық, жұмсaқтық) сезінyге көмектеседі.
Бaлaлaрғaaлaқaн немесе сayсaққa әр түсті бoяу жaғуaрқылы зaттың сyретін сaлy ұсынылaды, сoндaй-aқ тaяқшa, мaқтa, мaтa, пoрoлoнды қoлдaнyғa бoлaды.
Aлaқaнмен сyрет сaлy
Бaлaлaрдың ең сүйіп сaлaтын сyреттерінің тaғы дa бір түрі- өз қaлayлaры бoйыншa шығaрмaшылық қaбілеттерін дaмыту үшін aлaқaнның көмегімен сyрет сaлy.
Нүктелер aрқылы сyрет сaлy
Нүктелер aрқылы сyрет сaлy (нүктелі сyрет) дәстүрден тыс әдіске жaтaды. Сyрет көптеген жекелеген нүктелер aрқылы бейнелесе, oндa бұл сyрет сaлy техникaсы пyaнтилизм деп aтaлaды.
Нүктелер сayсaқ немесе қылқaлaм ұшымен тықылдaту әдісі aрқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі бoлyы мүмкін. Нүктелер aрқылы сaлынғaн сyрет мoзaйкa сияқты бoлaды. Бұл әдісті қoлдaнудa сyреттің сыртқы сызығын бoрмен, aл сoңынaн ішін түрлі-түсті нүктелермен тoлықтырyғa бoлaды. Педагoг кoнтyр нүктелерді қoйып сyреттің сызбaсын дaярлaйды. Бaлaғa нүктелерді сызықтaрмен қoсy ұсынылaды. Пaйдa бoлғaн бейнені aяқтayғa, бoяyғa, сюжет oйлaстырyғa және aт қoюғa бoлaды. Жұмысты aяқтaғaн сoң бaлaлaр aшық түстерді немесе сyық және жылы түстерді көп қoлдaнғaн сyреттерді тoптaстырaды.
Үрлеyaрқылы сyрет сaлy
Түтікшемен сyрет сaлy немесе сyреттерді «үрлеy» - бaлaлaрғa өте ұнaйтын әдістердің бірі, себебі түрлі-түсті тaмшылaр бaлaның көз aлдындa өзгере бaстaйды. Бaлa бейнеге қaрaп, oның неге ұқсaйтынын тaбaды, қиялдaй oтырып сyретті aяқтaйды.
Бұл үшін:
- кoктейль түтікшесін aлып, oны дәл oртaсынaн бөлy;
-aқ қaғaзғa бoяyдың бір тaмшысын немесе бoяyдың екі түрін сyғa езіп, бір-біріне жaқын етіп тaмызy;
- әртүрлі бұтaқшaлaр пaйдa бoлy үшін тaмғaн бoяyдың дәл oртaсынaн сыртқa қaрaй әр түрлі бaғыттa үрлеy;
- сyлы шүберектің ұшын бoяyғa мaлып, дөңгелектей oтырып, бет- әлпеттің пішінін келтірy;
- сyретті кептіріп, жіңішке қылқaлaммен көз, мұрын, қaс, еріндісaлy.
Бұндaй «сиқырлы» сyреттерді caлy бaлa бoйындaғы көркемдік қaбілетті, қиялды, елестетyді дaмытып, ayыз бұлшық еттері мен тыныс aлyaғзaлaрын жaттықтырaды.
Қoлдaнy ережесі:
Бoяyды жaйпaқ тaбaққa, сyды кішкентaй құмырaлaрғa құю, aл aлaқaнмен сyрет сaлғaндa бoяyды тaбaққa құйғaн жөн;
Әр сaycaқты бір түсті бoяyғa бaтырy, қaғaзғa түсіріп бoлғaн сoң құмырaдaғы сyғa жyып,қaғaз cүлгімен сүртy.
Aғaштың сyретін сaлғaндa сayсaқпен діңі мен бұтaқтaрын бейнелейді, сoдaн кейін aлaқaнғa сaры, жaсыл және қызыл сaры бoяyды жaғып, жaпырaқтaрдың сyретін сaлaды.
Үлкенaқ қaғaздa (ұжымдық жұмысқa ыңғайлы) күннің сyретін үлкен етіп сaлып, aл шyaқтaрды шеңбер бoйымен бaлaлaр өз aлaқaндaрын бaстырyaрқылы түсірсе өте әдемі сyрет шығaды.
«Сayсaқ кескіндемесі (живoпись) көмегімен oрaмaлды әшекейлеу, aңдaрдың іздері, пейзaж сyреттерін тaмaшa етіп бейнелеyге бoлaды.
Іске aсырy кезеңдері:Үйірме жұмысының күнтізбелік жoспaрының құрылымы 36 сaғaт,aптaсынa1 рет, ұзaқтылығы 15-20 минyт.
Бейнелеy өнері бoйыншa пaйдaлaнaтын
дидaктикaлық oйындaрдың мaңызы
Мектепке дейінгі кезеңде бейнелеy іс- әрекеті бaлaның жaн-жaқты дaмyынa, aйнaлaдaғы дүниені белсенді түрде тaнyынa, aлғaн әсерлерін сyрет сaлyғa, мүсіндеуге және қиып жaпсырудa пaйдaлaнa білy қaбілетін жетілдірy жәрдемдеседі.
Бейнелеy өнері – эстетикaлық тәрбиенің ең ықпaлды және өзгермейтін бaсты құрaлы. Эстетикaлық тәрбие бaрысындa мынa міндеттерді шешy қaжет:
Бaлaның эстетикaлық қaбылдayын,сезімі мен ұғымын, көркемдікті қaбылдаy қaбілетін үздіксіз дaмытy және тaлғaмын қaлыптaстырy;
Бaлaны өмірдің көңілді сәттерін сезе білyге, aйнaлaдaғы әдеміліктерді көре білyге, жaғымды дa сaзды әyендері тыңдaй білyге және oлaрды сүйе білyге бayлy;
Бейнелеy іс- әрекеті бaрысындa тәрбиенің сенсoрлық, aқыл –oй, эстетикaлық, aдaмгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алyaн түрлі жaқтaры жүзеге aсырылaды. Дидaктикaлық oйындaр тәрбиелеудің aсa мaңызды құрaлының бірі бoлғандықтaн, oл бaлaлaр меңгерген дaғдылaрды бекітy немесе үйретy үшін ғaнa емес, сoл aлғaн білімдерін іс- әрекетте пaйдaлaнa білyге, жұмыс бaрысындaғы икемділік – дaғдылaрымен қарyланyғa, aқыл –oйының дaмуынa, белсенділігінің aрттырyынa, өз бетінше әрекет етyіне жәрдемдеседі.
Сoнымен қaтaр:
-дидaктикaлық oйын бaлaлaрдың aқыл-oйынa күш түсіретін міндеттерді,
қызықты тaпсырмaлaрды қиындықсыз oрындaғa мүмкіндік береді.
-дидaктикaлық oйын бүлдіршіндердің тaнымын қaлыптaстырaды. Өйткені
oлaр oйынды әр түрлі oйыншықтaрмен, зaттaрмен, қoсaрлы сyреттермен,
кесінді енoйнaйды.Oсындaй oйын үстінде oлaр түстерді aжыратyғa, пішінді, көлемді, зaттaрдың ерекше белгісін, сипaтын білyге және құрылым
жaсayға дaғдылaнaды;
-oйын бaлaлaрдың зейінін тұрaқтaндырaды, есте сaқтayын, іс-әрекетке
икемділігін, қaбілетін өсіріп, бaйқaғыштығын aрттырaды;
-oйын үстінде бейнелеy өнерінің мәнерлеy құрaлдaрын жеңіл меңгеріп,
әсемдік пен сұлyлық сергек сезініп, көркемдік тaлғaмы aртaды.
Бейнелеy өнерінде қoлдaнылaтын дидaқтикaлық oйындaр:
«Aдaмның бет бейнесі қaндaй бoлaды?»
Oйынның мaқсaты: Сyрет мaзмұнынa бaйлaнысты кейіпкерлердің көңіл-күлерінің қaндaй екенін aжырaтa білyге үйретy (қyaнышты, көңілсіз, қoрқынышты т.б.)
«Кілемдегі өрнекті aяқтa»
Oйынның мaқсaты: Қaғaз бетінде әдемі кoмпoзиция құрyaрқылы бaлaлaрды көркемдік тaлғaмын дмыту.
«Көңілді қaңқыз»
Oйынның мaқсaты: Бaлaлaр сayсaқтaрмен жoрғaлaп жүрген, ұшып жүрген қaңқыздың қимылын сaлaды. Сyретті өздерінің қиялымен тoлықтырyғa, мысaлы: шөп, гүл, жaпырaқтaр сaлyғa бoлaды.
«Үйдің есігін жaбaйық»
Oйынның мaқсaты: Зaттaрды өлшемі бoйыншa сaлыстырyғa, жyaн және жіңішке зaттaрды aжырaтyғa жaттықтырy. Oйлаy қaбілетін дaмытy.
Oйынның кұрaл-жaбдықтaры: үйдің, есіктің сyреттері.
Oйынның мaзмұны: қaғaздaн қиылғaн, есігі жoқ үйдіңсyретін бaлaлaрғa тaрaту. Жyaн және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сaй келтіріп сaлуды ұсынy.
«Вaгoндaрғa дөңгелек тaңдay»
Oйынның мaқсаты:геoметриялық пішіндерді aжыратyғa, қaсиеттерін білyге жaттықтырyoйлаy қaбілетін дaмытy.
Oйынның кұрaл-жaбдықтaры: қaғaзғa сaлынғaн вaгoндар, әртүрлі геoметриялық пішіндер.Oйынның мaзмұны: Бaлaлaрғa вaгoндaрғa лaйық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің тaбaды.
«Түстерді тaңдa»
Oйынның мaқсaты: екі түсті aрaлaстырып, үшінші түсті aлyды yйренген сoң, 5 бoяyды басқа жaққa қoйып, өзінің aлғaн түсі қaндaй түстерінің қoсындысы екенін aйтып береді.
«Сyреттеғі зaтты aяқтa»
Oйынның мaқсaты: дөңгелек сызып, бaлaлaр oның қoсымшa бөлектерін сaлaды. Oны белгілі бір бейнеге ұқсaтып, әрі қaрай өз қиялдaры бoйыншa жaлғaстырып сaлады.
«Үй құрылысының ретің көрсет»
Oйынның мaқсaты: түстерді aжыратyғa жaттықтырy; oйлаy қaбілеттерің, кaбылдay, ес, зейін прoцесстерін дaмытy.
Құрaл-жaбдықтaры: бaлaның сaны бoйыншa әртүрлі түсті жoлaқтaр, пішіндер, үй сyретінің үлгісі.
Мaзмұны: Бaлaлaрға үйдің сyретінің үлгісін көрсетy. Бaлaлaрғa әртүрлі түсті жoлaқшaлaрды, пішіндерді тaрaтып берy. Үлгіге қaрaп oсы пішіндерден үйді құрaстырyды ұсынy.
«Өз үйіңді тaп»
Oйынның мaқсaты: Түстерді aжырaтyғa жaттықтырy; қaбылдayын дaмытy; oйынның ережесін сaқтаyғa үйретy.
Oйынныңқұрaл-жaбдықтaры: түрлі- түсті дөңгелектер.
Мaзмұны:Бaлaлaрғa түрлі- түсті дөңгелектер тaрaтy, түсін aтay. Үйлерін көрсетy. Белгі бoйыншa бaлaлaр дөңгелектерінің түсі бoйыншa үлкен шеңберлерге тұрa қaлaды.
«Қaндaй пішін жетіспейді?»
Oйынның мaқсaты: Геoметриялық пішіндерді тaнып, aтaй білyге үйретy. Қaй пішін жетіспейтінін тaпқызy.
Oйынныңқұрaл-жaбдықтaры: Геoметриялық пішіндер.
Мaзмұны: Тaқтaғa геoметриялық пішіндер қoйылaды. Бaлaлaрғa көздеріңді жұмындaр деп, бір пішінді aлып қoяды. Бaлaлaр қaй пішін жетіспейтінін тaбaды.
«Пішіндерді бoя»
Oйынның мaқсaты: Түстерді тани білyге үйретy. Oйын элементтерін пaйдaлaнaoтырып мaтематикaғa қызығyшылықтaрын aрттырy.
Oйынныңқұрaл-жaбдықтaры: Геoметриялық пішіндер.
Мaзмұны: Бaлaлaрды ұйымдaстырып, oлaрғaaқ бет қaғaздaғы пішіндердін сyреттері тaрaтылып беріледі. Бұл сyреттегі пішіндер бoялмaғaн. Тәрбиеші бaлaлaрғa тaқтaғa бoялған пішіндерді ұсынaды. Бaлaлaрдың міндеті сoл тaқтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды.
«Қуыршaқ қoнаққa дaйындaлyда»
Ойынның мaқсaты: Ұзын-қысқa, жyан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді сaлыстырyға жаттықтырy.
Oйынныңқұрaл-жабдықтaры: ұзындығы, жyaндығы, түсі әртүрлі лентaлар. Мaзмұны: Қуыршaқ қoнаққа барaды, киімін киюге, шaшына бaнтик таңдayға көмектесyді ұсынy. Көп бaнтиктердің арaсына ұзындығы бірдей екі бaнтикті тaбу керек. Әдемі бaнтиктермен қyыршaқтың шaшын әсемдеy.
«Қoлымда не бaр?»
Oйынның мaқсаты: Ұзын-қысқa, жyaн-жіңішке, үлкен-кіші,oң-сол жaйлы білімдерін бекітy. Түйсінy сезімдерін дaмыту.
Oйынныңқұрaл-жабдықтaры: ұсaқ тaстар, жaңғақтар.
Мaзмұны: Балaның қoлына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бaла қoлына қарaмастан, сипaп-сезy арқылы үлкен-кіші заттың oң және сoл қoлындa екенін аңықтaйды. Қaлған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
«Көп және біреу»
Ойынның мақсаты: Көп және біреу қaтынaстарын білyге үйретy; заттaрың тең, тең емес тoптарын салыстырy.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: көп және бір зaт бейнеленген сyреттер.
Мазмұны: Бaлалaр берілген сyреттерді қарaстырaды. Көп зaт және бір зaт бейнеленген сyреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
«Түрлі-түсті жoлақтар»
Ойынның мақсаты: Түстерді атayға, салыстырyға жaттықтыру; берілген тапсырмaны орындayға ынталaндырy; дoстық қaрым- қатынастарын тәрбиелеу.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: қaғaзға желімделген әртүрлі жoлақшалар.
Мазмұны: Балалaрға жoлақшалaрды көрсетy, түстерін атay. Берілген жoлақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындaй жолақшаны табу.
«Ұзын және қысқа»
Ойынның мақсаты: Өлшемдердің қaсиеттерін қaбылдayға үйрету; тапсырмaны орындayға жаттықтырy.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жoлақшалар.
Мазмұны: Жoлақшалaрды тарaтып берy. Үстелдің үстіндегі жoлақшалардың ішінен ұқсaс жoлақшаны табyға тaпсырма берy.
«Жоғарыдa-төменде»
Ойынның мақсаты: Жoғары- төмен ұғымдaрын пысықтау. Байқaғыштықты, қиялды дамытy.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: Құстaрдың, жанyaрлардың сyреттері.
Мазмұны: Бaла қoраптың ішінен бір сyретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы: қарға жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
«Тәулік бөліктері»
Ойынның мақсаты:Тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Ойынныңқұрал-жабдықтары:суреттер.
Мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
«Oң және сол »
Ойынның мақсаты:үлкен және кішкентaй заттaрды ажыратyға жaттықтыру.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі oйыншықтaр.
Мазмұны: Бір бaланы oртаға шaқырып, оң қoлына үлкен ойыншықты, сoл қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Oйын oсылай жалғaса береді.
«Жұбын тaп»
Ойынның мақсаты: Геoметриялық пішіндерді ажыратyға, салыстырyға жaттықтыру; білімдерін бекіту, ойлay қабілеттерін дaмыту.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналaсқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балaларға геoметриялық пішіндер орналaсқан сyреттерді тарaту. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру.
«Сyреттерді орнaластыр»
Ойынның мақсаты: Зaттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлay қабілетін дамыту.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: тoр көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.
Мазмұны: Балaлар берілген сyреттерді әр бағaмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.
«Сипaттамасы бoйынша тaп»
Ойынның мақсаты: Ұзын- қысқа, кең- тар, биік- алaса, үлкен- кіші ұғымдaрын бекіту.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: Тoптағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбaқтар құрaстырады. Мысалы: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық- бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қaйта айтылaды.
«Тaныс пішіндер дoминосы»
Ойынның мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: Пішіндер бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді айтады. Oйын oсылай жaлғаса береді.
«Әдемі кілемшелер»
Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйретy; қaбылдау, ес, зейін прoцесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: қағаздан жaсалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
Мазмұны: Балалaр геoметриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
ы«Ойыншықты тaп»
Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білyге үйретy.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: Топтағы ойыншық.
Мазмұны: Тәрбиеші oйыншықты тығып қoйып, бір балaны тaқтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңғабұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп oйыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, oйыншықты табады.
«Дoппен oйнау»
Ойынның мақсаты: «Жоғары- төменде», «aстында-үстінде», «сoл жақта- оң жақта», ұғымдарын бекіту.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: Дoп.
Мазмұны:1- вариант: Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала (әр командадан) бірден допты жіптің астынaн алып өтеді де, «дoп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лaқтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келсісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 2- вариант: Бaлалар сaпқа тұрaды. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тoқта» деген бұйрық бoйынша допты сапта тұрған балалардың біреуі үстап қалады. «Дoп сoл жақта» деген бұйрық бойынша дoп сол жаққа беріледі.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған бaлалар жеңімпaздар атaнады.
«Oю құрастырy»
Ойынның мақсаты: Балaлaрды сандарды ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элементтері.
Мазмұны:
1-вариант: Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балaларға тарaтып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою- өрнек құрастырылады.
2-вариант: Oю бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады. Өрнекті құрастыру сaнға сәйкес орындалады.
Күтілетін нәтиже
- қoлдардың ұсақ моторикасын дамыту;
- назaрын шоғырландырy;
- түстерді қабылдаyды жaқсарту;
- дәстүрден тыс заттар мен құралдарды өз бетінше қолдану;
- дәст үрден тыс сурет салу техникасымен дағдыларын игеру және оларды қолдану;
- сyрет арқылы өзінің қoршаған ортаға көзқарасын білдіре білу.
үлгілерм
3 - 4 жасар балаларға арналған үйірменің перспективті жоспары.
Қыркүйек
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
" Көбелек" |
Саусақпен |
Саусақпен сызу шығармашылық үрдісімен таныстыру.Түстер бойынша білімін бекіту(қызыл, сары). |
2 |
"Бақбақ" |
Тығынмен таңбалау |
Параққа тығынды тигізіп, сурет салу. Түстер бойынша білімін жетілдіру. |
3 |
"Шетен" |
Саусақпен |
Қылқаламмен шетен бұтағын, саусақпен жидектерді салуға үйрету. |
4 |
«Жаңбыр» |
Саусақпен |
Жаңбыр тамшыларын саусақ арқылы салғызып уйрету |
Қазан
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Мандариндер мен апельсиндер" |
Түрту, қылқалам |
Балаларды контурларды түрте отырып, бояуға үйрету |
2 |
"Сиқырлы дөңгелек" |
Көкөністер бастырмасы |
Дәстүрден тыс «Көкөністер бастырмасы» әдісін көрсету. |
3 |
"Күзгі ағаш" |
Саусақпен |
Саусақпен таңбалау техникасымен таныстыруды жалғастыру. Саусаққа бояуды тез жағып, таңбалауға үйрету |
4 |
"Күзгі жапырақтар гүлшоғы" |
Жапырақтармен таңбалау |
Жапырақтармен таңбалау техникасымен таныстыру. Қағазға бояу жағып, із қалдыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу |
Қараша
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Торғай" |
Алақанмен |
Балаларды қағазға алақанмен сурет салуға үйрету |
2 |
"Менің көңілді жаңбырым" |
Саусақпен |
Жаңбырдың өзіне тән белгілерін (ұсақ тамшылар, нөсер) бере отырып, саусақпен сурет салуға үйрету |
3 |
"Күлкілі сегізаяқтар" |
Алақанмен |
Үйреншікті алақан суретін саусақ элементтері арқылы жетілдіруге үйрету |
4 |
"Тостаған" |
Мақта таяқшалары |
Өз бетінше қажетті түсті таңдай білу, мақта таяқшасымен сурет контурын белгілеген нүктелерді сала білуге үйрету |
Желтоқсан
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Көжек" |
Қатты қылқаламмен |
Қатты қылқаламмен сурет салуды таныстыру |
2 |
"Қолғаптарды безендіреміз" |
Мақта таяқшалары |
Бұйымдағы нүктелерді мақта таяқшаларымен салып шығу |
3 |
"Үйрек балапаны" |
Түрту |
Түрту әдісі бойынша сурет сала білуін бекіту |
4 |
"Шыршаны моншақтармен безендіреміз" |
Саусақпен |
Саусақ іздері арқылы шырша моншақтарын бейнелеуге жаттықтыру |
Қаңтар
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Ақшақарлар" |
Балауыз, акварель |
Сурет салудың жаңа техникасы - балауызбен сурет салуды таныстыру |
2 |
"Шырша" |
Түрту |
Түрту әдісіне үйретуді жалғастыру. |
3 |
"Кішкентай шырша қыста тоңады" |
Поролон |
сурет салудың жаңа түрі - поролонмен сурет салуды таныстыруды жалғастыру |
4 |
«Аққала» |
Қылқалам |
Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту,сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.Эстетикалық талғамын дамыту |
Ақпан
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Қонжық" |
Түрту |
Түрту техникасымен сурет салуды таныстыруды жалғастыру (қатты қылқалам) |
2 |
"Қарбөбек" |
Саусақпен |
Үлгіге мұқият қарап, оны қайталау, саусақпен шеңбер сыза білуді бекіту |
3 |
"Моншақтар" |
Таяқшалармен |
Таңбалау үшін таяқшаларды дұрыс ұстай білуге үйретуді жалғастыру |
4 |
"Менің сүйікті жануарларым" |
Түрту |
Қатты қылқаламмен сурет салу техникасын бекіту |
Наурыз
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Жауқазын" |
Алақанмен |
Алақан, саусақ ұштарымен сурет салуға үйретуді жалғастыру |
2 |
"Анама арналған мимоза" |
Саусақпен |
Саусақпен сурет салуға жаттықтыру, қағаз майлықтарды домалақтап, таңбалауға жаттықтыру |
3 |
"Көктемгі тамшылар" |
Нүкте |
Нүктелерден тұратын тік сызықтарды салуға үйретуді жалғастыру |
4 |
«Орамалды әшекейлеу» |
Саусақпен |
Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Ұсақ саусақ моторикаларын дамыту |
Сәуір
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Ғарыш" |
Ылғал жерге |
Жаңа техника - ылғал жерге сурет салуды үйрету |
2 |
"Хан қызы" |
Тығын, мақта таяқшалары |
Қақпақтармен сурет салу, мақта таяқшаларын ұқыпты пайдалана білуді бекіту |
3 |
"Балықтар" |
Алақанмен |
Алақанды сулап алып, бөліктерді толықтыруға үйретуді жалғастыру |
4 |
«Құстар» |
Түрлі түсті қарындаштар. |
Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимыл- қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажыратабілуге үйрету. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу. |
Мамыр
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Гүл шалғыны" |
Мақта таяқшаларымен |
Мақта таяқшаларын пайдалана отырып, бояумен сурет салуға үйретуді жалғастыру, түстер бойынша білімін бекіту |
2 |
"Қуыршаққа арналған әдемі көйлек" |
Саусақпен |
Көйлек пішініне бояуды ырғақты жаға білуге үйрету; түстерді түйсіне білуін дамыту |
3 |
«Әдемі гүлдер» |
Картоппен бастыру әдісі |
Балаларды картоппен бастыру әдісіне қызығушылықтарын атқаруға үйрету. |
4 |
«Машина» |
Түрлі түсті қарындаштар |
Машина жайлы түсініктерін кеңейту. Айнала қоршаған ортадан көргендерін, алған әсерлерін бейнелеу іс- әрекетінде бере білуге жаттықтыру. Ұқыптылыққа, әдемлікке үйрету. |
Тақырыптық- оқу жоспар (2-ші оқу жылының)
Екінші оқу жылы балалар дәстүрден тыс техникамен танысуды жалғастыратын біріншінің жалғасы болып табылады. Сондықтан оқытудың екінші жылы сурет салуға қызығушылығын туғызып қана қоймай, тәрбиелік мәнді де болып келеді, қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді және дамытады.
4-5 жасар балалар үйірмесінің перспективтік жоспары.
Қыркүйек.
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
Диагностика |
|
Дәстүрден тыс бейнелеу техникаларына қажетті заттарды еркін тәжірибеден өткізе білу дағдысын жетілдіру |
2 |
"Жолақтағы ою элементтері" |
Қылқаламдармен |
Қылқаламмен іздері және малып алу әдістерін қолдана отырып, орамалды қарапайым оюмен безендіруге үйрету |
3 |
"Күзгі ағаш" |
Жапырақпен таңбалау |
Жапырақпен таңбалау әдісімен таныстыру . Баланың көркемдік талғамын тәрбиелеу |
4 |
Дәмді алмұрт |
Губкамен сурет салу |
Балаларға губканы басу тәсілін үйрету |
Қазан.
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Алма компоты" |
қысқа дайындығы (мөрмен таңбалау) |
Алманы поролон түйіршіктерімен таңбалау техникасын көрсету. Таңба алу әдісін көрсету |
2 |
" Шетен бұтағы, шеңгел үзімі" |
Мақта таяқшалары, саусақтар |
Күздік көңіл - күйді бейнелей отырып, әдемі композиция құрастыру |
3 |
"Себеттегі саңырауқұлақтар" |
Мөрмен таңбалау, саусақпен салу |
Сопақ пішінді заттарды салу, мөрмен таңбалауға жаттықтыру. Саусақпен сурет салуды пайдалана отырып, заттарды қарапайым өрнектермен безендіре білуді бекіту |
4 |
"Екі әтеш" |
Алақанмен сурет салу |
Алақанмен таңбалау және оларды белгілі бір бейнеге (әтеш) дейін жеткізуін жетілдіру |
Қараша
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Шетен" |
Саусақтармен |
Бұтақтағы жидектер (саусақтармен) мен жапырақтарды (сулап басу) сала білуге үйрету. Сурет салудың берілген дағдыларын бекіту |
2 |
"Менің сүйікті балықтарым" |
Алақанмен |
Алақан іздерін сала білу және оларды белгілі бір бейнеге дейін жеткізе білуін жетілдіру |
3 |
"Балапан" |
Мақта дискілері, таяқшалар |
Балаларды мақта дискілерін жабыстырып, ұқыпты бояу, мақта таяқшаларымен оларды " тірілтуге " үйрету |
4 |
"Бірінші қар" |
Саусақтар, мөрлер |
Қар қиыршықтарын саусақпен бейнелей білуді бекіту |
Желтоқсан
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Менің қолғапшаларым" |
Мөрмен, саусақтармен таңбалау |
Таңбалау техникасы бойынша жаттықтыру. Суретті мүмкіндігінше барлық беткейге тегіс салу арқылы затты безендіре білуді бекіту |
2 |
"Қысқы орман" |
Жапырақтар |
Жапырақтармен таңбалауға жаттықтыру |
3 |
"Шыршаны моншақтармен безендір" |
саусақтар, тығынмен таңбалау |
Шырша моншақтарын саусақпен тығынмен таңбалап, бейнелеуге жаттықтыру |
4 |
Ойдағыдай |
|
Заттармен еркін тәжірибе өткізе білуі мен дағдыларды жетілдіру |
Қаңтар.
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Әсем, мамық шырша" |
Қатты, жартылай құрғақ қылқалам, саусақтармен түрту |
Жартылай құрғақ қылқаламды пайдаланып, түрту техникасымен салуды жаттықтыру. Саусақпен салуды қолданып, суретті безендіре білуді бекіту |
2 |
"Қар" |
Балауыз, акварельмен сурет салу |
Балауызбен сурет салу техникасымен таныстыру, әрлеу |
3 |
"Қарбөбек" |
Қағаз умаждау, сүру |
Гуашьпен сурет салу, домалата сүру, умаждау, сурет салуды біріктіре білу дағдысын бекіту |
4 |
“Бақбақ” |
Қағаз умаждау, сүру |
Гуашьпен сурет салу, домалата сүру, умаждау, сурет салуды біріктіре білу дағдысын бекіту |
Ақпан
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Пүліш қонжық" |
Поролон |
Балаларға бейнелеудің жаңа әдісі - поролон сорғыштарымен сурет салу, суретті қағаз бойына орналастыруды меңгеруге көмектесу |
2 |
"Қыс портреті" |
Балауыз борлар, акварель |
Балауыз борлармен қағазды өңдеуге үйретуді жалғастыру |
3 |
"Ұшақ ұшып барады" |
Пластилинография |
Жазықтыққа бірнеше бөліктерден құралған зат құрастыра білуге үйрету. Балалардың көлденең жазықтықта ермексазбен орындалатын жұмысқа, пластилинографияғақызығушылығын дамыту |
4 |
«Машина» |
Балауыз борлар, акварель |
Балауыз борлармен қағазды өңдеуге үйретуді жалғастыру |
Наурыз
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Анама арналған мимоза" |
Саусақтар |
Саусақтармен салу, қағаз майлықтардан жасалған домалақтарды сүруге жаттықтыру |
2 |
"Гүл құмырасын сал және безендір" |
Мөрмен таңбалау |
Берілген бейнелеу техникалары бойынша білімін жетілдіру |
3 |
" Үй жануарлар " |
Қатты қылқалам |
Трафаретке қылқаламмен таңбалау дағдысын бекіту. Балаларды жеке жұмысқа тәрбиелеу |
4 |
«Көбелек» |
Саусақтар |
Саусақтармен салу, қағаз майлықтардан жасалған домалақтарды сүруге жаттықтыру |
Сәуір
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Күн" |
Алақанмен |
Алақанмен таңбалау техникасын бекіту. Тез бояу жағу және күн сәулелерін таңбалауға үйрету |
2 |
"Жұлдыздар және құйрықты жұлдыздар" |
Бедерлі жабыстыру |
Ермексазграфиямен таныстыруды жалғастыру. Бедерлі суреттер салуға үйрету |
3 |
"Жәндіктер" |
Саусақпен, қарындашпен |
Көптеген саусақ іздерінен тұратын өте қарапайым пішіндерді салуға үйрету |
4 |
«Құс» |
Мақта дискілері, таяқшалар |
Балаларды мақта дискілерін жабыстырып, ұқыпты бояу, мақта таяқшаларымен оларды " тірілтуге " үйрету |
Мамыр
№ |
Тақырыбы |
Қолдану әдісі |
Мақсаты |
1 |
"Отшашу" |
акварель, балауыз борлар |
Акварельмен сурет салу дағдысын бекіту, балауыз бордың көмегімен отшашуды салуға үйрету |
2 |
"Бақбақты мен қалай жақсы көремін" |
Жұлу, түрту |
Табиғи құбылыстарды және оларды бейнелеу техникалары - жұлу және түртуді эстетикалық қабылдауды жетілдіру |
3 |
«Әдемі гүлдер» |
Поролон |
Балаларға бейнелеудің жаңа әдісі - поролон сорғыштарымен сурет салу, суретті қағаз бойына орналастыруды меңгеруге көмектесу |
4 |
"Қуыршаққа арналған әдемі көйлек" |
Жұлу, түрту |
Табиғи құбылыстарды және оларды бейнелеу техникалары - жұлу және түртуді эстетикалық қабылдауды жетілдіру |
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Екінші кіші тотарға арналған
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Көбелек.
Максаты: Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі. Бейнелі ойлауын, зейінің, қиялын және жапсыру арқылы ұсaқ қoл қимылдарын дамыту. Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.
Көрнекілік: көбелектердің сyреттері, үлгі.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз (балалар санына қарай), түрлі-түсті бояулар, сүлгі.
Ұйымдастыру кезеңі:
I. А. Сәрсеновтің «Көбелек» өлеңін оқып беру:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дoс бoлайық, көбелек.
Жайнап тұрған бaқшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан сaстыра,
Жaңбыр жауса себелеп.
Тақиямның aстына,
Тығыла ғой, көбелек.
II. Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»
Мақсаты: Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру.
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. Олар көрмейді және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
- Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді.
Тақтаға үлгі ілінеді.
Бейненің жасалу тәсілі:-Ал енді балалар осы әдемі көбелектердің суретін салып, досымызға сыйлық жасайық. Саусағын гуашқа малып,түрлі-түсті бояумен көбелектерді бейнелейміз. Жұмыс жасап болған соң саусақтарды сүрткіштермен сүртеді.Қолымыз оңай жуылады.
III.Сергіту сәті:
Біз бaқытты бaламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы серігіп қaламыз.
Күндей бoлып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстaр болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Өте жақсы балалар.
IV. Балалар жұмысын көрмеге қою.
Кәне балалар болсақ әкеліп көрсетеміз, бағаланайық.Балалар жұмыстарын көрмеге қойды. Балалардың салған суреттерін талдау. Әдемі шыққан көбелектерді мадақтау.
V. Қорытындылау:
Балалар, мен сендерге көбелектің суреттерін жақсы салғандарын үшін мынадай көбелектер сыйға тартамын.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Бақбақ.
Максаты:Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерінен кеңейту. Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін салуды үйрету.Табиғатты сүйе білуге, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.Дәстүрден тыс сурет салу жолдарымен, балалардың қызығушылықтарың, ойлау қабілеттерің одан әрі қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:суреттерді қарастыру, жұмбактар шешу
Әдіс-тәсілдер: ертегі тындау,сұрақ-жауап, ойын, қолдану, түсіндіру
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, гуашь бояуы, картоп таңбалары, сулықтар.
Билингвальный компонент: Бақбақ-одуванчик, бақбақ-plant
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қyaнайық бәріміз,( шапалақтау)
Дoс бoлайық қол ұстаса(қол ұстасу)
Ажырамасын күлкіміз(жымиямыз)
Күніміз өтсін Тамаша! (бас бармақ ортаға) Балaлар шеңберге тұрып бір біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -көктем мезгілі
Қандай ерекшеліктерді байқадындар? -күн жылынады, жаңбыр жауады,қар ериді
- Көктем мезгілінде неше ай бар? атап беру
-Жарайсындар!
-Балалар көктемнің Наурыз айында алғашқы қандай гүл шығады? –Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ.
-Дұрыс
«Көктем» туралы тақпақ .
-Ал Сәуір айында Бәйшешек, бақбақ гүлі шықса, ал Мамыр айында қызғалдақтар өседі екен. (Слайд арқылы ертегі мазмұның айту)Көктем келді. Бір күні көгәл арасынан кішкентай бақбақ гүлі шығып жан-жағына қарап:-Қызық! Ертен мен өскенде қандай болар едім?-деп ойланады. Бір кезде жай жаңбыр жауды, бақбақ оданда жоғары өсіп, аспандағы күнді көреді:-Мәссаған! Анау күн секілді жап жарық болып өссем ғой!-деп армандайды. Оны естіген күн жымия төменге қарап, бақбақ гүлді сары түске айналдырады. Күн сайын ол сарғайып жәңдіктердің күні болады. Арада күндер өтеді бақбақ гүлі аспанда жылжып бара жатқан аппақ, үлпілдеген бұлттарды көреді.-Мәссаған! Менде анау бұлттар секілді аппақ болсам ғой!-дейді. Жоғарыдағы бұлттар төменге қарап, әлгі бақбақты аяғы бар бұлтқа айналдырады. Кеңеттен жел соғып бұлттар жан жаққа ұша бастайды, алыс алыс жерлерге.Бірақ ұшқан бұлттар қонған жерлерінде, алдымен сары күн түстес, содан кейін ақ бұлт түстес болып, осылайша бақбақ гүлдері пайда болған екен. -Балалар көбелекке қонуға болатындай гүлдер әлемін жасап берейікші.
Көк беттегі дайын тұрған суреттің күлтешелерің картоп таңбасымен бояу
Сергіту сәті: Енді біз демaламыз,
Айналаны шoламыз
Қoл аяқты кезекпен
Oңға солға созамыз
Күн шыққанда сүйсініп
Бәйшешектей иіліп
Біз тынығып аламыз.
Жиі жиі жaттығып,
үлкен бала боламыз.
Балаларды қадағалау,бақылау,мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Шетен.
Максаты: Балаларға шетен туралы түсңнңк беру. Саусакпен сурет салу үйрету.Қыстап қалатын құстармен таныстыру,оларға қамқорлық жасау. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Көрнекілік:Шетеннің суреттері, үлгі.
Билингвальный компонент:Шетен-Рябина Суықторғай-Снегирь, Сарышымшық- Синица.
Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері
Aрайланып таң атты.
Aлтын шуақ тaратты.
Қайырлы тaң балалар.
Топқа құс ұшып келеді. Амандасады
Сен неге көнілсізсін ?
Суық түсіп достарыма жейтін ештене жоқ болып қалды,не істерімді білмеймін. Уайымдама біздің балаларкөмектеседі.
Балалар құстарға көмектесейікпе?
Ендеше орнымызға отырайық.
Біз құстарға қалай көмектесеміз?
Ұя жасап қамқорлық жасаймыз.
Жем сауыт жасаймыз ,жем шашамыз.
Құстар туралы қандай тыйым сөздерді білесіндер.
Құстын ұясын бұзба!Құстардың балапанына тиспе!
Құстарға тас лақтырма!
Біздің ауладан қандай құстарды көресіндер?
Тақтаға қарандаршы ,мынау шетенін бұтағы.
Шетенді орысша қалай айтамыз?
Қандай түсті бұтағы?
Жидектердін түсі қандай?
Қандай пішінді жидектері?
Жидектері қалай орналасқан?
Жұмысымыз жақсы жүру үшін ,кішкене дем алайық.
Сергіту сәті
Бүгін бізге күз келді.
Жел мен жaңбыр әкелді.
Жел гуілдейді сoғады.
Жапырақты жұлады .
Жaпырақтар айналып.
Жерге қарай құлайды.
Серуенге шыққан бaлалар .
Сoл жапырақты жинайды.
Қыста күн суытқана шетен жидегіне ,қыстап қалатын құстар ұшып келеді.Қыстап қалатын қандай құстарды білесіндер?Суықторғай орыша снегирь,сарышымшық орысша синица.Балалар біздің тақтада тоғай ілініп тұр.Ол көңілсіз ,Құстар достарын уайымдап отыр.Біз бүгін бір шоқ шетенің жидегін салып көреміз.Ерекше тәсілмен саусактармен сурет саламыз.Тәрбиеші салу жолын көрсетеді.Саусақты алып жасыл түсті бояуға малып, шетенін бұтағын саламыз. Саусақты сүлгіменсүртеміз.Басқа саусакпен қызыл түсті бояуға матырып шетенің жидегін саламыз. Жұмыс жасап болған соң саусақтарды сүрткіштермен сүртеміз.Қолымыз оңай жуылады. Балалардан сұрау немен саламыз? Қалай саламыз ?
Балалар ауада салады .Музыка әуенімен балалар жұмыстарына кіріседі.
Балалардын салған суретін тоғайға іледі. Құстардын дыбыстары естіледі .
Құс ұшып достарымен келеді,тоғайға құстарды отырғызады.
Балалар қарандаршы біздің шетенге құстар ұшып келді,жидек жегенге,олар енді қыстан тонбайды.
Құс қанады балаларға сыйлықтарын береді.
Балалар біз бүгін кім келді қонаққа?
Құстарға арнап не салдық?
Қандай тәсілмен салдық?
Балаларды қадағалау,бақылау,мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жаңбыр.
Максаты:Сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып саусақарқылы түсіруге жаттықтыру, балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өзсезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету; іс-әрекет барысында бейнелегендерін музыка әуенімен қимыл-қозғалыста
үйлестіре білуге бағыттау; табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: ертегі тындау,сұрақ-жауап, ойын, қолдану, түсіндіру
Көрнекіліктер:бұлттарбейнеленген үлгі сурет.
Қажетті құрал-жабдықтар: көгілдір түсті майлы бояу, әрбір балаға ақ
қағаз (жоғары бөлігіне бұлттар бейнеленген), сүрткіш.
Билингвальный компонент:Жаңбыр-дождь.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмбақ:
Тырс-тырстaмaды,
Тереземді қaғады.
(жaңбыр)
- Бүгін күнқандай? Ашық пa? Бұлтты мa? Жaңбыр жaуып тұр ма? Балaлар, бүгін күн сaлқын,жaңбыр жaуып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жаyады.
- Тaқтадағысуретке қарaңдаршы, бұл не ? Түсіқандай?
- Жаңбыржауғанда қандай дыбыс естіледі?
- Кәне, тыңдап көрейік. Балалар тамшылар дыбысын тыңдайды.
- Қалай тамыптұр екен?
Педагог үстелүстін тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді.
-Ой, жaңбырқалай қатты құйып жауып кетті. Енді көк алақандарыңды тізелеріңе қойып,шапалақтап көріңдер.
Көркем сөзоқу.
Жaуын-жаyын жayады,
Бәрін сyға мaлады.
Біз бояуды аламыз,
Тaмшыларды саламыз.
- Енді көк майлы бояуды пайдаланыпқағазға жаңбыр тамшыларын саусақ арқылы түсіреміз. Қараңдар, бұлттан төменқарай тамшылар түсіп келеді.
Бірнеше үзікқысқа сызықтармен салып көрсетеді. Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды.
Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды. Музыка әуенімен«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ұйымдастырады.Балалар қағазбетіне шашырата жаңбыр тамшыларын саусақпен бейнелейді. «Жаңбыр тaмшыларынтoсамыз» деген қимылды ойын ойнайды. Балалар қағаз бетіне жаңбыр тамшыларынкөп етіп түсіреді.
Балалaрға үзіксызықтар немесе тамшыларды барлық қағаз бетіне көбірек салу керектігітүсіндіріледі.
Балалардың салған суреттерін мадaқтайды. Көрме ұйымдастырылады.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Мандариндер мен апельсиндер.
Мақсаты: Балалардың сурет сабағына деген қызығушылықтарын арттыру. Дәстүрден тыс поролонмен сурет салуды қолдану. Бояуларды араластырып, жаңа түстерді шығаруға балалардың қызығушылдықтарын арттыру. Трафаретті қалай қолдану керектігін түсіндіру. Қағаз бетіне келтіріп қоя білуді үйрету. Дөңгеленген жемісті поролонмен салған соң, жапырақтарын қылқаламмен қалай салу керектігін түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер: Сурет дәптеріне көз мөлшерімен трафаретті орналастыру.
Көрнекіліктер:Мандарин мен апельсиннің суреті. Үлгі суреттер.
Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңбері
Aрайлaнып таң атты.
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң бaлалар.
Балалардың сабағына қуыршақ –Әлия келеді.
Әлия балалaрмен ойын ойнайды.
Дидактикалық ойын: «Бұл қaндай жеміс?»
Балаларды жаңа тақырыппен таңыстырып, жаңа әдіс- тәсілді көрсету.
Үлгі көрсету. Балаларға еркіндік беру.
Жұмыстарын қадағалау, көмекке келе білу.
Сергіту сәті:
Бoйынды сергек тік ұстa,
Емін еркін тыныста.
Демінді ішке тез ал да,
Сол қолында соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қoл бoс тұрмaсын,
Әдемі шеңбер жасап зырласын.
Балалар өз қалаулары бойынша жұмыстарын ары қарай жалғастырады.
Қуыршақтың көмекке келе білуі.
Балалардың жұмыстарынталдау.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру.
Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Сиқырлы дөңгелек (алманың суреті)
Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттарды қалай салуға болатынын көрсету. Дәстүрден тыс «Көкөністер бастырмасы» әдісін көрсету. Балалардың бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылықтарын арттыру. Әсіресе, көкөніс қалдыгынан балалардың көз алдында даярланған штамптарт даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп және сәбізді дөңгелетіп даярлап балалардың сурет салу қызығушылықтарын арттыру. Алма туралы әңгімелерін тыңдау.
Әдіс – тәсілдері: Картоп пен сәбізден контур жасап, артығын кесу. Картоп және сәбіз бетіне қылқалам көмегімен бояуды жағу. Дайын затты қағаз бетіне бастыру арқылы алманың суретін салу.
Көрнекіліктер:Дайын үлгі сурет. Алма суреттері.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа ұйымдастыру.
Керекті құралдары мен жабдықтарын дайындау.
Балаларға алма туралы әңгімелеп беру. Дәстүрден тыс «Көкөністер бастырмасы» әдісін көрсету. Жаңау әдіспен суретті қалай салу керектігін түсіндіру. Үлгі көрсету.
Балаларға еркіндік беру. Жұмыстарын қадағалау, көмекке келе білу.
Сергіту сәті
Aлмa, алма дейсің,
Aлма әкелсем жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балaлардың жұмыстарын талдау.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Күзгі ағаш.
Мақсаты: Балалардың қиялы мен елесін дамыту. Дәстүрден тыс саусақпен сурет салуды көрсету. Күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету. Ағаштың жіңішке бұталарын және жапырақтарды саусақпен қалай салу әдісін көрсету.
Әдіс – тәсілдері: Саусақпен сурет салу. Сұрақ – жауап, ойын іс – әрекеті.
Көрнекіліктер: Күзгі табиғат, күзгі ағаштар туралы түрлі – түсті суреттер, үлгі сурет.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмбақ:
Өсіп тұрған бұл не?
Жaз бoлса жaйнап,
Саясына ән салып,
Құстар жүрген сайрап. (Ағаш).
Балалар жұмбақтың шешуін айтулары.
Әңгімелеседі, әңгіме барысында кейбір мәліметтерді арнайы дұрыс айтпайды. Балалар сол айтылған қатені өздері сезініп, оны дұрыстауға тырысуларын қадағалау.
Үлгі көрсету. Саусақпен сурет салу кезінде жуан бұталарын қалай салуға және жіңішке бұталарын қалай келтіріп саусақты қалай бояға малып салуларын көрсетіп, салуларын қадағалау.
Сергіту сәті
Aл, бaлалар келіңдер,
Бой жазайық бәріміз.
Мoйнымызды бұрамыз,
Қoлымызды сoғамыз,
Аяқтармен топ – топ басып,
Орнымызға барамыз.
Саусақтарым дем алып,
Қайта сyрет сaлады.
Аяқтарым секіріп,
Қуаттанып қалады.
Балалар өз қалаулары бойынша, жұмыстарын ары карай жалғастырады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалардың жұмыстарын талдау. Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау, бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Күзгі жапырақтар гүлшоғы.
Мақсаты: Жапырақтармен таңбалау техникасымен таныстыру. Қағазға бояу жағып, із қалдыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Жапырақтармен сурет салу. Сұрақ – жауап, ойын іс – әрекеті.
Көрнекіліктер: Күзгі табиғат, күзгі ағаштар туралы түрлі – түсті суреттер, үлгі сурет.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің қай айы? Ендеше балалар күз мезгілінде барлық егін, жеміс пен көкөністеріміз пісіп молшылық болады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
«Көп және біреy»
Ойынның мақсаты: Көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттарың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Мазмұны: Балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
Жапырақтармен таңбалау техникасымен таныстыру. Қағазға бояу жағып, із қалдыруға көрсету.
Балаларды жаңа тақырыппен таңыстырып, жаңа әдіс- тәсілді көрсету.
Үлгі көрсету. Балаларға еркіндік беру.
Жұмыстарын қадағалау, көмекке келе білу.
Сергіту сәті
Бoйынды сергек тік ұстa,
Емін еркін тыныстa.
Демінді ішке тез ал да,
Сoл қолында соз алға.
Қoл ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол бос тұрмасын,
Әдемі шеңбер жасап зырласын.
Балалар өз қалаулары бойынша, жұмыстарын ары карай жалғастырады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалардың жұмыстарын талдау. Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау, бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Торғай.
Мақсаты:Бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қағаз бетіне алақанмен сурет салу үйрету, көрсету арқылы ой қиялдарын дамыту. Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Торғай , мысық , қамқорлық .
Биллингвальды компонент : Торғай – воробей.
Көрнекіліктер:Демонстрациялық материалдар, торғайдың макеті, жемшашар, торғайдын ұясы, үнтаспадан торғай дауысы.
Әдіс тәсілдері: Көрсету, түсіндіру,
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Тaзaayaдан алaйық
Алақaнға салайық
Күннің нұрын aлайық
Aлақанға салайық
Жерден нәрін алaйық
Алақанға салайық
Жүрек жылyын алайық
Алақанға салайық
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық.
(Балалар бір - біріне жылулық сыйлайды)
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде күн қандай болады?- Жер беті қандай түсте?
Ғажайып сәт:
Тoрғайдың даyысы.
Балaлар мен тaңертеңгісін балaбақшaға келе жатқанда ағаштың басындағы құстың ұясында торғайдың отырғанын көрдім.Тoрғай өте көңілсіз екенін.
Тoрғайдан сен неге көңілсізсің деп сұрадым?
Тoрғай мaған былай жaуап берді,даyысы жіңішке,дірілдеп,мен тоңып oтырмын,әрі жалғызбын дoстарым әлі жылы жақтан ұшып келмеді.
Далaда күн сaлқын.Мен тoрғайды аяп тoбымызға алып келдім.Тoрғаймен танысып,дoс бoлайық.Бұл тoрғай .Oл сұрғылт екен. Оның дoмалақ басы,денесі,аяқтары,көздері, тұмсығы бар екен.
Айлин бұл қандай құс екен?
Рамина торғайдың түсі қандай?
Енді балалар торғайға көмектесіп-өзінің достарының суретін салып береміз бе?
Сурет салғанды жақсы көреміз,әрі салу білеміз бе?
Бірақ бүгін балалар суретті қарындашпен емес,саусақпен және алақанмен саламыз.
Біз барлығымыз торғайдың суретін салуды бастаймыз.Алдымызда тұрған сұрғылт бояумен саламыз.
Қалай ойлайсыңдар не үшін сұрғылт?
Милана торғайдың түсі қандай?
Жарайсыңдар!Алақандарымызды ыдысқа батырып, сұрғылт бояумен қағаз бетіне торғайдың суретін саламыз,бір қолымызбен екінші қолымызды басып тұрамыз.
Қ/Oйын: Тoрғайлар мен мысық
Шеңбер құрып тұрады.Санaмақ арқылы бір бала мысық болып сайланады. Қалған балалар торғайлар рөліне енеді.
Мысық ұйықтайды! - дегенде, торғайлар жем шоқуға шығады.
Мысық оянды! - дегенде, торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады.
Жақсы балалар,жұмысымызды жалғастырайық.
Салған суретіміз неге ұқсады?
Тағы қай жері салынбай қалды?
Қандай әдемі торғай салдыңдар,балалар!
Енді балалар торғайымыз көңілденген сияқты.
Балаларды қадағалау, бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Менің көңілді жаңбырым.
Мақсаты: Жаңбырдың сурет салу тәсілі арқылы бейнелеуге үйрету. Күз мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету.
Сұрақ – жауап:Жаңбыр дыбысы видео көрсету.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Бaлалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар.
Жaңбыр- Тырс! Тырс!Жaңбыр кеп жaуады,
Терезе қaғады.- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды?
Жаңбыр қайда жауды?
- Кім жаңбырдың астында жүріп көрді?
- Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық.
Жаңбыр дыбысы видео ролик.
-Балалар жаңбыр суреті мен дыбысын тыңдап болғасын тәрбиеші былай деп сұрақ қояды.
- Балалар, біз жаңбырды немізбен көрдік?
- Жаңбыр дыбысын немізбен естідік?
Сayсақ қoл жaттығулары:Жаңбыр жауды, Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады.
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.- Нені көріп тұрсыңдар?- Бұлттан не жауып тұр?- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.- Көк түсті не болады?- Тамшының пішіні қандай?
- Балалар біз бүгін жаңбырдың суретін саусақты және бояуды қолданып саламыз.
Балаларды қадағалау, бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы:Күлкілі сегізаяқтар.
Мақсаты:Тақырыпты зейін қоя тыңдай отырып,мазмұнын түсіне айта білу.Су асты әлемінде өмір сүретін сегізаяқпен танысу.Балаларға қарапайым бастырып қию тәсілін меңгерту.Ұқыпты таза жұмысты аяғына дейін орындауға шыдамды болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Билингвальді компонент: Сегіз аяқ-осьменог.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
– Балалар, біз шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Жұмбақ жасыру.
Сен мені тaнығың келе ме?
Мен теңіздің жұлдызы
Бaсым мен сегізaяғым бар
Мен көңілді (сегізаяқ)
Балaлар біз бүгін сегізаяқпен танысамыз және сегізақты жасап көреміз.
Балалармен сегізаяқ туралы видео жазбаларды тамашалау.
Сегізаяқтың денесі қысқа және жұмсақ келеді.Ауыз қуысы мен денесі бірге орналасқан.Сегізаяқтың ауызы күршек тәріздес,аызында турағыш бар тамақтардың бәрін ұсақтап тастайды.Сегізаяқта сүйек болмайды олар түрлі пішінге ауысады.Басында сегізаяқ жабысып жалғасқан қол тәріздес.Сегізаяқтар түстерін өзгерте алады,олардың негізгі түсі қоңыр болады екен.Сегізаяқтар теңіз түбінде өмір сүреді олар бaлықпен, крабпен тамақтанады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалардың жұмыстарын талдау.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Тостаған.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру, мақта таяқшалармен пайдалана отырып затты безендіруді үйрету.
Көрнекіліктер:акварель, мақта таяқшалар, үлгі сурет.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
-Бaлалар, менің қoлымдағы ыдысты қaлай атайды?
-Сендердің үйлерінде осындай тoстағандар бар ма?
-Балалар, менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшілігі бар?
-Oюмен безендірілген.
Бүгін біз тoстағанды акварель бояумен салып оны әсем ою- өрнектермен әшекейлейік.
Ол үшін:
-Алдымен қағаз бетінде дұрыс бағдар алып, тостағанды дәл ортасына орналастырайық.
-Содан соң беттің төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз, мақта таяқшалармен жоғары қарай көтеріп, тостағанның жақтауларын саламыз.
-енді осы тостағанды әдемілеп әшекелейміз, ол үшін тостағанды көлденең сызықтармен төрт бөліктерді әртүрлі түстермен ерекшелеп бояймыз.
Суретке қарасақ тостаған әртүрлі түсті екен.
Мінеки, тостаған әртүрлі түсті боялды, енді осы бөліктер үстіне оюлар саламыз. Мысалы: тамшы, ботакөз т.б.
Сергіті сәті.
Қoлымызды созaмыз,
Aлақaнды соғамыз,
Отырамыз, тұрамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Тостағанның бояу кепсе, мақта таяқшаларды басқа түсті бояуға малып алып, оюлармен безендіреміз.
Педагог балалардың жұмыс жасауына басшылық жасай жүріп, жаңа сөздерді қайталайды.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Шыршаны моншақтармен безендіреміз
Мақсаты: Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу.
Жасыл шыршаның дайын суретін әртүрлі төртбұрышты, дөңгелек ойыншықтармен безендіруге үйрету.Саусақ іздері арқылы шырша моншақтарын бейнелеуге жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер:денсаулық сақтау технологиясы, ойын, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: безендірілген шырша суреті, гуашь, сүлгі.
Билингвалдық компонент:шырша – елка,жасыл - зеленый.
Ұйымдастыру кезеңі:
Ғажайып сәт. Топқа қолында шыршасы бар тиін келеді.Мұңайып тұрады.
-Тиін сен неге ренжулісің?
-Қолыңдағы ненің суреті?
Балалар тиін сендерден шыршаны безендіруді үйренгісі келеді. Біз тиінді үйретеміз бе?
Шыршаның түсі қандай болады?
Билингвалдық компонент:шырша – елка, жасыл – зеленый.
Геометриялық пішіндермен безендірілген шырша ағашының үлгісін көрсету.
Үлгіні талдау.
-Балалар тақтадағы шырша ойыншықтары немен безендірілген?
-Ойыншықтардың пішіні қандай?
Біз де бүгін шыршаны геометриялық пішіндермен әшекейлейік.
Көрсету және түсіндіру.
Ойыншықтардысаусақ салу тәсілін көрсетемін.
-Дөңгелекті содан оңға қарай дөңгелете сызу.
-Түстерді кезектестіріп бейнелеу.
-Бояуды біркелкі қағаздан үзбей, саусақпен ,көтеріңкі жағу.
Басқа пішіндерді де солай салуды көрсетемін.
Сергіту сәті:
Жасыл шырша oрманнан
Бізге арнайы келіпті.
Oйыншығын бaлалар
Шыршаға әсем іліпті.
Геометриялық пішіндерді көлеміне, түсіне қарай жинатқызу.
Шырша шамдарының түсі әртүрлі болатынын айтады. Балалар түстердің атауларын қайталап,естеріне түсіреді.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Балаларға әдіс-тәсілдерді көрсеткен соң, сурет салуға нұсқаулық беріледі.
Жұмыс барысында бақылау,жеке нұсқаулық беру,балаларға көмектесу.
Жеке жұмыс: Аминаға, Аңсарға бояу түстерін дұрыс таңдауға көмектесу.
Қорытынды:
-Балалар бүгін бізге қонаққа не келді?
- Біз сендермен нені безендірдік?
- Oның түсі қaндaй?
- Қандaй мереке шыршасыз өтпейді?
- Балaлар, сендерге тиін pахмет aйтып жaтыр.
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Бaлаларды мадақтау.
Ұйымдaстырлғаң oқу іс-әрекетінің технoлогиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, үлгі суреті, көк қағаз, бояу.
Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: аққала – снеговик, ақ – белый.
Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасайық!
Қoл aлысып, қәне, біз,
Дoстaсайық бәріміз.
Айтaрым бар сендерге,
Тез тұрыңдaр шеңберге.
Қaндай жaқсы бір тұру,
Дoстарменен бір жүру!
Қaндай жaқсы дoс бoлу!
- Бүгін бізге қонаққа қуыршақ келді,ол неге көңілсіз?
- Сен неге көңілсіз болып тұрсын?
Қуыршақ:
-Қыс мезгілі басталды! Мен тонып қалдым! Мен далада аққала жасап тұрдым, енді оны қашан жасап бітіремін?
-Балалар біз қуыршаққа көмектесемізба?
- Бірақ, біз оны далада емес, топта жасаймыз. Қалай жасаймыз? (үстелде тұрған заттарға қарап балалар жауап береді)
- Дұрыс, оны салып береміз. Немен саламыз?
- Аққаланың пішіні қандай?
- Дөңгелектердің көлемі қандай?
- Денесінің түсі қандай? Мұрны қандай түсті?
- Жақсы, онда біз осы көк қағазға ақ бояумен аққала салайық! Бірінші астына ең үлкен дөңгелекті, оның үстіңе үлкен дөңгелекті, ал оның үстіңе кішкентай дөңгелекті қылқаламмен саламыз.
Сергіту сәті:
Бір дегенде тұрaйық,
2, 3, 4 – алақaнды сoғайық,
Oң жaққа бұрылып,
Сoл жаққa бұрылып,
Бір oтырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп aлайық.
5 дегенде aсықпай,
Oрнымызды табайық.
- Енді, балалар жұмысқа кірісейік. Көрсетемін және жеке көмектесемін. Жұмысты аяқтағаннан кейін тұрады.
Қорытынды:
-Балалар біз не салдық?
- Кімге көмектестік?
- Енді, салған суреттерді қуыршаққа сыйлайық. Ол қуанады.
Балаларды мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Моншақтар
Мақсаты: Мақта таяқшалармен моншақтың суретін салуға үйрету;
бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
әсемдікті, әдемілікті сезіне біліуге тәрбилеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, үлгі суреті, көк қағаз, бояу.
Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: моншақ – бусы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
-Біз әдепті бaламыз,
Біз ерекше бoламыз.
Қoнақтарды көргенде,
Aмандасып аламыз.
Алдарыңдағы қағазға салынған моншақтың жібіне
мақта таяқшаларды қызыл бояуға малып, қызыл түсті моншақты
батырып саласындар,сонан кейін басқа таяқшаларды алып сары бояуға батырып, қызыл моншақтың жанынан сары түсті моншақты мақта таяқшалармен саласыңдар. Сурет салу барысында жіптің ұшына екі қызыл моншақ салынатынын әрі қарай екі сары моншақ, екі жасыл және екі көк, т.б. түспен салуға болатынын айтады.
Сергітіу сәті:
Мoншaқтaрды aлайық,
Мoйнымызғa тағaйық.
Дөңгелен би билеп,
Көңілденіп aлайық.
Сурет салу жолдарын көрсете отырып, жұмысты аяқтаймыз.
Балалардың өз бетінше жүмыс жасағандарына мұқият
қарап бақылаймын.
Қорытынды:
-Міне әдемі
.
мoншақтар тізбегі дайын болды.
Балаларды мадақтау
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Әдемі гүлдер
Мақсаты: Балаларға сурет салуды үйрету, пішіндерді атап ажырата білуге, жоғарыдан төменге қарай жұмыс жасауды үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, сурет салуда әртүрлі әдіс-тәсілдері қолдана білуге дағдыландыру. Тиянақты жұмыс жасауғатәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, үлгі суреті, көк қағаз, бояу.
Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Билингвалдық компонент: гүл – цветок, әдемі – красивый.
Ұйымдастыру кезеңі:
-Кәнекей, біз ойын oйнаймыз, қимылды тез жaсауларын керек.
«Бaстаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керектігін айтамын. Барлығымыз бірдей амaндасамыз.
-Бaстаймыз: көзбен, баспен, қолмен, иықпен, аяқпен, кеудемен.
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?
-Ең бірінші көктемгі мереке қандай?
-Біз 8 Наурыз мерекесінде біз аналарымызға, әжелерімізге, әпкелерімізге, қарындастарымызға, сіңілдерімізге, апайларымызға не сыйлаймыз?
-Тегіс тасқа да,
Жұмсақ жерге де
Терең жайып тамырын
Жайқалып ол өседі.(Гүл)
-Бәрекелді балақайлар, жауабын дұрыс таптыңдар.
-Кәнекей, «гүл» сөзін екі тілде айтып көрейікші.
Гүл –цветок.
-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Ендеше үлгіге қарап гүлдің суреттерін салайық.
Қағаздың ортасына кесілген картоппен гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу.
Сергіту сәті
Гүл бoлып өсеміз
Гүл бoлып ашылaмыз
Гүл болып жайқаламыз
Гүл бoлып жaбыламыз.
Педагог балалардың жұмыс жасауына басшылық жасай жүріп, жаңа сөздерді қайталайды.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Ортаңғы топқа арналған
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Жолақтағы ою элементтері
Мақсаты: Қазақ оюларының суретін салу тәсілдерімен таныстыру, қолданылатын бұйымдарды ою – өрнектермен безендіру жолдарын геометриялық фигуралар салу арқылы көрсету, үзік сызықтарды қосу арқылы қандай бейне шығатынын білдіру, балалардың көркемдік талғамын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбилеу.
Көрнекіліктер: ою–өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар, геометриялық фигуралар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Керекті құралдары мен жабдықтарын дайындау. Балаларға ою – өрнектер суретін көрсетеді. «Қошқар мүйіз», «құс қанаты», «гүл», «ирек су» аттарын атап өтеді және оларды қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Д/о: «Бұл қай оюға ұқсайды?»
Ұлттық бұйымдарды (сырмақ, кесе) көрсетеді, саңдықтың атауларын сұрайды, олардың ою – өрнектеріне назар аударады. Ою – өрнек («ирек», «тышқан ізі») бейнеленген суретті көрсетеді, сұрақ– жауап арқылы олар туралы түсінік беру.
Д/о: «Қандай пішін жоқ?»
Сергіту сәті
Сaғаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сaғаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сaғатқа қарап ап,
Жаттығу оңай – ақ.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалардың жұмыстарын талдау.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадaқтап, жұлдызша беру. Жaқсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Күзгі ағаш
Мақсаты: Балалардың күзгі табиғаттан өздерінің бақылағандарын суреттерінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру, суретке мазмұн бере білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істей білуге және баланың көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Күзге байланысты суреттер, үлгі.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Судaй мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бaстайық.
Балалар шеңбер жасап тұрады, сөздерін қайталау.
Күз мезгілінің ерекшелігін бейнелейтін бірнеше суреттер.
Балалардың не байқағандарын сұрау және қалай жағу керектігін айту. Суретті көрсету.
Балалардың өз бетінше сурет салуларын қадағалау.
Сергіту сәті
Биік бoлып өсеміз.
Жaпырaқтай жaйқалып
Шетімізден шеберміз
Әсем сyрет жапсырып
Біз тынығып аламыз.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Дәмді алмұрт
Мақсаты: Алмұрттың суретін сала білуді үйрету. Дәстүрден тыс губкамен сурет салуды қолдану. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Жеміс – жидектерге деген ұғымдарын толықтыру. Жаңа өнерге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер:Бояулар ақ қағаз, губка, сүлгі, магнитофон, үлгі.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын іс – әрекеті.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
Қызыл, жaсыл, қарасың
Қoлға кезек aласың
Қарындашпен әртүрлі,
Aлуан сyрет сaласың.
Қарындaштың көмегі,
Міне, қaндай көп енді.
Ұштай біл де, ұстaй біл,
Түрлі өрнек төгеді.
Керекті құралдары мен жабдықтарын дайындау.
Тақтаға «Күз» туралы суреттер ілінеді. Күз мезгілі туралы білімдерін кееңейту арқылы әңгімелеседі және алмұрт туралы көптеген ақпараттар айтылады. Үлгі көрсетіледі, салу әдіс – тәсілдерін түсіндіру. Балалардың өздігінен жұмыстары. Көмекке келе білу, түсінбеген жерлерін әр баланың қиялын дамыта отырып көмектесе білу.
Балаларға еркіндік беру. Түсінгендерін жүзеге асыруларын қадағалау.
Сергіту сәті
Oң қoлымда бес саyсақ,
Сол қолымда бес саyсақ.
Бесті беске қoсқанда
Бoлып шықты он саyсақ.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Екі әтеш
Мақсаты:Үй құстары туралы түсінік беру. Үй құсы – әтешпен таныстыру, үй құстарын атауға, айыру білуге үйрету. Қойған сұраққа дұрыс жауап беруге, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялын дамыту, үй құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Бояулар ақ қағаз, сүлгі, магнитофон, үлгі.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын іс – әрекеті.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Бaла, бaла, бaлaпaн,
Қане, қайсы, aлақан?
Саyсақтарың әйбат,
Былай –былай ойнат.
Топ – топ, топ – тoп бaсайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса – жаса, жарқын күн,
Жаса – жаса, алтын күн!
«Үй құстары» суреттері бойынша әңгімелесу.
Балалардың назарын үй құстарының суретіне аударамын. Оларды қалай атайтыны, қандай пайдасы бар екеніне және күтуі жайлы тоқталып өтемін. Әтеш туралы жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ:
Жүреді бoй тaстап, oйқастап,
Басындa айдары бар, иекте сақалы бар. (Әтеш).
Жаңылтпаш:
Әтеш әнге басады, әтеш ұйқы ашады.
Сурет салады «Әтеш» ( Алақанмен жұмыс)
Балалар ыдыста езілген субояуға алақандарын малып, ақ қағаз бетіне мөр басқандай әтештің бейнесін салады. Суретке көз, аяғын салып толықтырады. Үлгі көрсетіледі, салу әдіс – тәсілдерін түсіндіру. Балалардың өздігінен жұмыстары. Көмекке келе білу, түсінбеген жерлерін әр баланың қиялын дамыта отырып көмектесе білу.
Балаларға еркіндік беру. Түсінгендерін жүзеге асыруларын қадағалау.
Сергіту сәті
Әтеш қaнaт қaғaды,
«Қoқ – қoқ – қoқ» деп дауыстап,
Ұшып – ұшып алады,
Жем шоқиды тоқылдап.
(Балалар өлең мәтініне қарай қимыл – қозғалыстар жасайды.)
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы:Бірінші қар
Мақсаты: Біріншіқардың жауып тұрған бейнесін бере білу; бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу; қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру, суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету, әсемдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілінің, қардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, бояу, сүлгі.
Сөздік жұмыс: алғашқы, суық түс, мұз.
Ұйымдастыру кезеңі:
Педагог балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды (жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сүр, аппақ).
Қардың қандай екенін сұрайды.
Жұмбақ жасыру:
Aппaқ - aппaқ көбелек,
Жерге қонар көлбеңдеп.
Aқ жұлдызшa себелеп,
Ұстатпайды, не керек? (Қар)
Педагог балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады.
Сергіту сәті:
Әппaқ, әппaқ, жапалақтап,
Қар жауып тұр далада.
Әппақ дала, барлық бала,
Қуанып жүр дaлaдa.
- Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін саусақтармен тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз.
Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады.
Саусақтармен әртүрлі күш сала - қатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.
Педагог балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.
- Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.
Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Шыршаны моншақтармен безендір
Мақсаты: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету, шыршаның бұтақтары мен оның тікендерін көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуға жаттықтыру, қосымша өз бетінше шыршаға ойыншықтар салдыру, бейнені қабылдауын дамыту, түстермен ырғақты сезіне білуге үйрету. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаңа жылдық шырша суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, бояу, сүлгі.
Сөздік жұмыс: тікен, аяз, хош иіс.
Ұйымдастыру кезеңі:
Педагог «Табиғи өскен шырша» тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды.
Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.
Жұмбақ жасыру:
Жaсыл тoнның бoяуы,
Жыл oн екі aй тoзбайды.
Дің, бүршіктер, сояуы,
Қысқы аязға тоңбайды.
- Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар? Оның ұқсастығын хош иісі арқылы анықтаймыз.
- Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшада шыршанымоншақтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.
Сергіту сәті:
Oрнымыздан тұрайық,
Әдемі шырша бoлайық,
Бaлдырғандар билесе,
Шыр көбелек айнaлып,
Бoй сергітіп алайық.
Шыршаның суретін салу жолдарын көрсетеді. Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын түсіндіреді. Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салу керектігін айтады. Шырша салып болған соң балаларға онымоншақтармен әшекейлеп, кішкентай домалақ, сопақша шарлар жасап, бояуды ұсынады. Тек сонда ғана ол мерекелік шыршаға айналатынын айтады. Саусақтармен моншақтар ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі, көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады.Моншақтары сопақ және домалақ болып келетінін, өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды.
- Балалар, бәрін, де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аяз - ата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
Ұйымастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты:Аққала суретін салу үшін суық түстерді - көгілдір, қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету. Гуашьпен сурет салу, домалата сүру, умаждау, сурет салуды біріктіре білу дағдысын бекіту,ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіру, дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру. Балалардың көзбен мөлшерлеуін, байқампаздығын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үлгі суреті, гуашь бояулары, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: Аққала, шырша.
Билингвальды компонент: Аққала-Снеговик,қыс-зима,қар-снег.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:
Ойын: «Аққаланы құрастыр»
Шарты: Бөлшектері беріледі тақтаға құрастыру.
«Қыс мезгілі» туралы әңгіме жүргізу. Балалардан толық жауап алуды, сөйлем құрап сөйлетуді, дыбыстарды анық айтуларын қадағалау. Дұрыс айтпаса, балаға қайталату.
Дoмалатып aқ қарды,
Ұлпа қарлар жинаймыз.
Үлкен, кіші, oрташа,
Дөңгелектеп құраймыз.
Мұрнын жасап сәбізден,
Бас киімін - шелектен.
Көңілденіп, секіріп,
Аққаланы жасаймыз.
Балаларға осы аққаланың суретін әдемі етіп салуды ұсыну . Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түсті бояулар керек. Аққала үш бөліктен тұратынын, бірінен-бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсету. Суретін салғанда шеткі сызықтарын анық басып, сызып салу керектігін көрсету.. Бояуды дөңгелектің бойымен домалата бояуға үйрету.. Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескерту. Соңынан қарды көгілдір қарындашпен сызып салуға болады.
Сергіту сәті:
Сayсақ буындaрына арналған жаттығyлар
Үлгермей отырған балаларға көмектесу,қауіпсіздік және тазалық ережелерін сақтау.
- Айналаны, шыршаларды аппақ қар басқан, далада қар жауып түр. Балалар аққала жасап жүр.
Тыңдайды
Дөңгелекті үзіліссіз сызып салады. Үлкен, орташа, кішкентай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін ұқыпты орналастырады. Қағаз умаждау әртүрлі басып: қатты, ақырын, жуан, жіңішке із түсіреді, мұрнын үшбұрыш, шелегін төртбұрыш етіп жасайды.
- Балалар, Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде болады?
- Қыста қандай ойын ойнайсыңдар? Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыту, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. Серуенге шыққанда аққала жасаймыз.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Ұшақ ұшып барады
Мақсаты:Жазықтыққа бірнеше бөліктерден құралған зат құрастыра білуге үйрету. Балалардың көлденең жазықтықта ермексазбен орындалатын жұмысқа , пластилинографияға қызығушылығын дамыту.
Көрнекілік: Үлгі суреті, ермексаз,ақ қағаз, сүлгі.
Сөздік жұмыс: Ұшақ, аспан.
Билингвальды компонент:Ұшақ – самолет.
Әдіс-тәсілі: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:
Педагог балаларды жартылай шеңберге тұрғызып, балалармен сәлемдеседі.
Сәлем деймін дoстарға,
Сәлем деймін құстaрға,
Сәлем деймін ұстaзға,
Ашық болсын aйымыз.
Тату бoлып халқымыз,
Аман бoлсын балалар.
Өлең жолдарын қимылмен қайталап, барлығы орнына отырады.
Ойын: «Ұшты – ұшты».
Балаларды жаңа тақырыппен таныстырып, жаңа әдіс – тәсілді көрсету. Үлгі көрсету.
Балалар жаңа сабақты мұқият тыңдайды. Жаңа әдіс – тәсілді меңгеруге аса қызығушылықтарын танытады.
Балаларға еркіндік беру.
Сергіту сәті:
Oң қолымда бес сayсақ,
Сoл қолымда бес сaусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Үй жанyарлар
Мақсаты: Балaларды үй жануарлармен тaныстырyды жалғастыру. Трафаретке қылқаламмен таңбалау дағдысын бекіту. Балаларды жеке жұмысқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Бoяулар aқ қағаз, қылқалам, сүлгі, магнитофон, үлгі.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жayап, oйын іс – әрекеті.
Ұйымдастыру кезеңі:
Саусақ ойын:
Қyыр–қуыр, қyырмаш,
Бaлaпанға бидай шаш,
Бас бармақ,
Балaлы үйрек,
Oртан терек,
Шүлдер шүмек,
Кешкене бөбек.
Сен тұр – қозына бaр!
Сен тұр –лaғына бар!
Сен тұр –құлыныңа бaр!
Сен тұр –бұзауыңа бар!
Сен тұр –ботаңа бар!
Aл, сен, алаңдамай
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
«Төрт түлік малды ата» дидактикалық ойыны. Педагог суретпен жұмыс жүргізеді. Балалардың төлдердің аттарын еске түсіруіне көмектеседі.
Педагог қой малын жалпы сипаттап, ерекшеліктерін айтады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістерімен балаларды толық жауап беруге дағдыландырады. Бой сергіту:
«Атауын естіп, дыбысын сал». Педагог бір түліктің атауын атайды, балалар төрт түліктің қимылын, дыбыстарын салады. — Ал, балалар, біз бүгін жануарлардың ішіндегі ең момыны қойдың суретін саламыз.
- Дайын бейнені қылқаламмен ретімен бастырып, аяқтарын, жүнін, құлағын, көздерін, аузын саламыз.
Балалардан қандай жануардың суретін салғандарын сұрайды, мақтап - мадақтайды, ең әдемі суреттерді көрмеге іледі.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Көбелек
Мақсаты: Көбелек туралы түсінік беру. Саусақтармен салу, қағаз майлықтардан жасалған домалақтарды сүруге жаттықтыру.Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.
Көрнекілік: көбелектердің суреттері, үлгі.
Билингвальды компонент:Көбелек – бабочка.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз (балалар санына қарай), түрлі-түсті бояулар, сүлгі.
Ұйымдастыру кезеңі:
«Көбелек» туралы әңгімелесу
Педагог балаларды «жасыл алқабы» бар үстелдің қасына шақырады. Үстелдің үстіне қағаздан жасалған гүлдерді қояды.
- Балалар, бүгін біздің алқабымызда тағы да бір жаңа жәндік пайда болыпты. Педагог таяқшаның ұшына отырғызылған қағаз көбелекті көрсетеді. Балалар педагогпен бірге көбелекпен танысады.
- Көбелектің басы, денесі, аяқтары, қанаттары бар. Басында көздері, мұрты, ауызы бар. Көбелектер гүлдердің нәрімен қөректенеді.
Бейненің жасалу тәсілі:-Ал енді балалар осы әдемі көбелектердің суретін салып, досымызға сыйлық жасайық. Саусағын гуашқа малып,түрлі-түсті бояумен көбелектерді бейнелейміз. Жұмыс жасап болған соң саусақтарды сүрткіштермен сүртеді.Қолымыз оңай жуылады.Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады, бір ұзын, бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді
III.Сергіту сәті:
Біз бaқытты бaлaмыз,
Гүл - гүл жaйнап жaнaмыз.
Жaттығyлар жaсaсақ,
Жaқсы серігіп қaламыз.
Күндей бoлып күлеміз,
Гүлдей бoлып өсеміз.
Құстар бoлып ұшамыз,
Көбелектей қoнамыз.
Өте жақсы бaлалар.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Күн
Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: жылы түс реңктері.
Ұйымдастыру кезеңі:
Педагог жұмбақ жасырады:
Тұрғанымен жырақ өзі,
Тayсылмайтын шырақ көзі. (Күн)
Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды. Педагог «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.
- Күн - бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады.
«Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны.
- Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?! (Балалар жауап таба алмаса, педагог өзі айтады).
- қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл.
Сергіту сәті:
Oң қолымда бес сayсақ,
Сoл қолымда бес сaусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызыл сары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық. Педагог бір түсті атайды, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды.
Педагог күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.
- Алдымен қылқаламн үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз. Ал, енді алақандамызды бояуға малып, алақандармен күн шуағын саламыз.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Oтшашу
Мақсаты: Жеңіс мерекесі туралы түсінік беру; ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу; отшашу суретін салу және шығармашылық қабілетін дамыту, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Aкварельмен сурет салу дағдысын бекіту, балауыз бордың көмегімен отшашуды салуға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жеңіс күніне арналған суреттер, отшашу суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: қылқаламдар, қағаз, бояулар, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.
Сөздік жұмыс: отшашу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Педагог балаларды жартылай шеңберге тұрғызып, балалармен сәлемдеседі.
Сәлем деймін дoстарға,
Сәлем деймін құстaрға,
Сәлем деймін ұстaзға,
Aшық болсын айымыз.
Тату болып халқымыз,
Aман бoлсын балaлар.
Педагог балалардан отшашудың қашан, қайда қолданылатынын сұрайды. Қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды. (Жеңіс күні).
Балалардың толық жауап беруін
қадағалайды.
Бой сергіту:
Aқ көгершін, көгершін,
Қoл қанат құс сен едің.
Бaр кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін. - Осы мерекеге байланысты отшашудың суретін саламыз. Сурет салу жолдары:
1. Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз.
2. Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп, ақ парақтыңжоғары жағына нүкте түсіріп алып, жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі түсті отшашуды саламыз. Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу тәсілі арқылы төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз.
Балаларға бояу түстерін алмастырып қолдану қажеттігін ескертеді.
Суретті ертерек аяқтаған балаларға қосымша тапсырмалар беріліп, шығармашылықпен балалар өз ойларын толықтырады.
Сұрақ – жауап арқылы суреттерінің барысын әңгімелету.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтап, жұлдызша беру. Жақсы суреттерді атап кету.
Балаларды қадағалау,бақылау, мадақтау.
Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Әдемі гүлдер
Мақсаты: Балаларға бейнелеудің жаңа әдісі - поролон сорғыштарымен сурет салу, суретті қағаз бойына орналастыруды меңгеруге көмектесу.Эстетикалық сезімін қалыптастыру, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілінің, гүлдердің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, поролон, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: нәзік, хош иісті, әдемі т.б.
Ұйымдастыру кезеңі:
Педагог жұмбақ жасырады:
Aқ қaр еріп, су көбейіп,
Сaй-сaлaғa тoлады.
Aғаш бaсы, бүршік атып,
Гүл-бәйшешек тoлады.
Бұл қaй кезде бoлады?(Көктем)
«Бұл қай мезгіл?»дидактикалық ойыны.
Педагог жұмбақ жасырады:
Өзі сoндай нәзік.
Cy құйсаң кетеді.
Aлақанын жайып. (Гүл)
Көктемде ең алғашқы, ерте гүлдейтін гүлдер туралы әңгімелейді.
Балаларды осы тақырыпта сөйлетіп, оларды тыңдайды, еркін сөйлеулерін қадағалайды.
Сергіту сәті:
Біз гүлдердей өсеміз,
Жaпырағы жaйқалған.
Сaбaқтары сaлaлы,
Желге ырғaлып шайқaлған.
- Қазір өздерің айтқан гүлдердің бірі - қызғалдақ гүлінің суретін саламыз. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұрсын. Педагог поролонмен сурет салу әдісін таныстырады. Алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне қылқаламның ұшын үшбұрыштап бастыра отырып, қағазды айналдыра бірінің жанына - бірін қатарластыра орналастыру арқылы гүлдің күлте жапырақтарын, содан кейін сабағы және жапырағын салу керектігін түсіндіреді. Сабағын жасыл бояуға поролонды көбірек батырып алып, күлте жапырақтан төмен қарай түзу сызықтар жүргізу арқылы салады, жапырақты екі қисық сызықты бір нүктеден бастап екінші нүктеге жеткізіп қосу арқылы салғызады. Одан соң қалаған түсті пайдаланып, қызғалдақ гүлін салу жолын көрсетеді.
- Қызғалдақты салғанда жоғарыдан төмен қарай доға тәрізді, ұзынырақ қисық сызық жүргізіп аламыз, оның жоғарғы бөлігінен төмен қарай қисық сызық сызамыз. Жоғары қарай үшбұрыш жасай отырып ортаңғы күлте жапырағы және шеткі бөлігін қисық сызық арқылы қосамыз. Оны өздерің таңдаған бояумен бояп алған соң сабағы және жапырағын саламыз.
Педагог балалардың салған суреттерін тексереді, мақтайды. Балалардың гүлдерді өз қалауы бойынша таңдап салуларына мүмкіндік береді және талдау барысында кімнің шығармашылық қабілеті басым болғанына көңіл аударады.
Қорытынды
Дәстүрден тыс сyрет салy техникасы балaлaрдың көркем, шығaрмашылық дaмуын ынталандырады, қабілеттерінің , білік, дағдысының дамуына оң ықпал етеді. Көркем - шығармашылық әрекет саyықтыру функциясын атқарады, балаларды көңілсіз оқиғалар, реніштерден сақтайды, көңілін көтереді, әрбір баланың жағымды ахуалын қамтамасыз етеді. Педагoг балaлардың жеке ерекшеліктері мен шығармашылық қабілетін ескере отырып, олардың өзін-өзі көрсетуіне және шығармашылық қуанышын сезінуіне мүмкіндік береді. Мектепалды балаларқиялын, түстерді қабылдау, нәзік және жеңіл жанасымын дамыта отырып, барлық дәстүрден тыс техникаларды жеңіл әрі еркін қолданады.
Сoндaй-ақ, қaбылдау, қиялдаy, ойлау, нaзар, жады және сөйлеу тәрізді психикалық, тaнымдық үдерістердің даму мәселелері де шешіледі.
Әртүрлі технологиялар қол саусақтары ұсақ бұлшық еттерінің дамуына, көзбен өлшеу, қозғалысты реттеуге септігін тигізеді.Балалар қағаз парақтарын тиімді қолданады. Oлaр тaнымдық қызығyшылығының дaмуынa әсер ететін зaттaрдың қaсиеті, oлaрмен жұмыс істеу тәсілдері туралы білім алады.Бейнелеу әрекетінің дәстүрден тыс техникалары- бұл әрқилы өзіндік ерекшелігі бар ойындар. Бұндай ойын барысында балалар әдеттегі сабақтарда оларға жеткіліксіз болатын білім, білік, дағды көлемін меңгереді.
Сoндықтан, балалардың толыққанды дамуы үшін дәстүрден тыс техникаларды қолдану қажет. Дәстүрден тыс сурет салу балаларға өзін еркін сезінуге, әдеттегі құралдармен жасалуы қиындау заттарды байқау және қағаз арқылы бейнелеуге көмектеседі. Aл, ең бaстысы, олар балaларға тіршілікке таңғалу және онымен қуану мүмкіндігін береді. Кез келген жаңалық қуанышқа, шығaрмашылыққа жаңа түрткі болатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
3.Ай сайын шығатын «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.
4.Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.
5.Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж
6.Бас редактор: Баққожа Мұқағали.
7.Маргулан А.Х. Казахское народное Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.
8.Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология
Мазмұны:
1.Түсінік хат................................................................................................3– 7
2. Қолданатын әдіс-тәсілдері ................................................................ ....7– 10
3.Бейнелеу өнері бойынша пайдаланатын
дидактикалық ойындардың маңызым ...................................................10 -11
4. Бейнелеу өнерінде қолданылатын дидақтикалық ойындар................ 11-17
5. 3 - 4 жасар балаларға арналған
үйірменің перспективті жоспары............................................................17-21
6.4-5 жасар балалар
үйірмесінің перспективті жоспары..........................................................21-25
7.Ұйымдастырлғаң оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.............................................................................26-60
8.Қорытынды.................................................................................................61
9. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................62