«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi

Бұланды  ауданы бойынша «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi 2020 жылы №5 Макин орта мектеп кешенiнде өткiзiлдi. Жарқын болашақ олимпиадасына оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 7-11 сынып оқушылары қатыса алды. Жалпы оқушылар саны 90 қамтыды.

Аудандық олимпиадаға қатысушылар қазақ және орыс тiлiнде екi топқа бөлiнiп, олар өздерiнiң шығармашылық шеберлiгi мен қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен бiлiмдерiн шыңдап,бiлгiрлер бәйгесi, мәнерлеп оқу шеберлiгi, ән салу, сурет салу және эссе атты бес бағыттары бойынша күш сынады.

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тiлi олимпиадасының аудандық жеңiмпаздары I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталды және де барлық қатысушыларға сертификаттар берiлдi. Аудандық кезеңiнiң жеңiмпаз атанған оқушыларымыз Бұланды ауданының намысын облыстық кезеңде қорғайды.

Жаңартылған күні: 17.02.2020 12:42
Құрылған күні: 17.02.2020 12:43

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст