Текст
Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, туған жерін, ана тілін сүюге баулу – білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде қажетті негізгі міндеттер.
Тәрбие берудің бір түрі – шығармашылық іс-шаралар өткізу. Қаламыздағы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде даңқты жерлесіміздің 160-жылдығына арналған шығармашылық кеш өз мәресіне жетті.
Іс-шараға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылығы, Балуан Шолақтың немересі Ш. Шолақов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты.
Сахна төрінде Балуан Шолақтың әйгілі әндері мен облыстық мүшәйра жеңімпаздары мектеп оқушыларының төл туындылары шырқалды.