Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жағдайында құндылықтарға тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздерін талдау көрсетіп отырғанындай, балаларды біріктіретін балалар қозғалысы (БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенция бойынша 7 жастан бастап 18 жасқа дейін [4]) – жеке тұлға дамуының, оның әлеуметтенуінің маңызды факторы, өйткені ол замандық қозғалыстың шынайы бір түрі бола тұра, дүние жүзі бойынша демократияның бастапқы сатысы, азаматтылықтың, қоғамдағы шығармашылық әлеуеттің қайнар көзі, деген идея ежелден бар және әлі де орын алып келуде. Е.Е. Чепурных [5] бойынша балалар бірлестіктеріне үш негізгі функция тән, олар: дамытушы (жеке тұлғаның азаматтық, рухани қалыптасуын, оның әлеуметтік шығармашылығының дамуын, адамдармен әрекеттесу, қоғамдық және тұлғалық мәнді мақсаттарды алға тарту және қол жеткізу икемдерін қамтамасыз етеді), бағдарлық (балалардың рухани, әлеуметтік, саяси, мәдени құндылықтардың жүйесінде бағдар алуына жағдайлардың жасалуы), теңгерімді (қатынас және түсінушілік тапшылығын толықтыру үшін, балалардың басқа қоғамдарда талап етілмеген қажеттіліктерін, қызығушылықтарын іске асыру үшін жағдай жасау). Балалар, әсіресе жасөспірімдердің және жастардың құрдастарымен ара- қатынасы өзара араласа түсу икемдерін дамытуда маңызды болып табылады. Өз болмысында бала осы сөздің жоғары мән-мағынасынан қарағанда, әлеуметтік жан: құрдастарымен араласып, ол қосымша білімдерді алады (ғылыми және күнделікті-тұрмыстық), өзінің өмірлік тәжірибесін байытады, әлеуметтік нормаларды және құндылықты бағдарларды меңгеріп алады, бағалау критерийлерін қалыптастырады, құрдастармен араласу тәжірибесін жинақтайды, достық және серіктестік сезімдеріне бөленеді, өзін танытып, өзінің орнын табады, құрдастарымен қатарға қосылу күйінің эмоционалдық-оң күйіне түседі. О.В.Якубенко балалар бірлестігі жағдайындағы сәйкестендіруді түрлі ұрпақ өкілдерімен мәдени тұрғысына сай қатынас тәжірибесін алуымен байланыстырады [6]. Автор бастауыш мектеп оқушыларының балалар бірлестігіне қосылуы түрлі балалардағы түрлі бейімсіздік нұсқаларын түзетуге бағытталған тәрбиелік ортаны қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп есептейді[7].
Балалар бірлестіктерінің функциялары ішінде П.И.Фролов келесілерді атап көрсеткен: әлеуметтік қорғаныс, әлеуметтік сауаттылықты қалыптастыруға әлеуметтік жүріс-тұрысты және әлеуметтік байланыстарды түзету, бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу, балаларды әлеуметтік оңалту. А.Н. Тесленко, Е.А. Дмитриенко балалар мен жасөспірімдер ұйымының Отанға деген сезімдерін, оның жеткен жетістіктеріне отансүйгіштік көзқарасын, өз елінің және оның жерінде тұратын халықтардың тарихына құрмет сезімдерін баулудағы жетекші рөліне назар аударады. 7 Е.В. Чердынцеваның пікірінше базалық құндылықтарды тәрбиелеу мәдениеттанушылық, әрекеттестік және тұлғалық-бағдарлы секілді көзқарастармен бірге іске асырумен басталады.
Мәдениеттанушылық көзқарас балалардың тарихты, дәстүрлерді, өз аймағының мәдени ерекшеліктерін тануға жүйелі түрде үңілуін және олардың бойында осының негізінде құндылықты бағдарлардың қалыптасуын көздейді. Әрекеттестік көзқарасы мектеп оқушыларының мотивациясын және түрлі пайдалы өлкетанушылық қызметке қосылуына бағытталған. Бұл жағдайда қызметтің жетекші түрлері ретінде проблемалық-құндылықты қатынас, жобалық, зерттеушілік қызметтер шығады. Сонымен қатар аксиологиялық, тұлғалық-бағдарлы, жүйелі-әрекетті, дамытушы секілді көзқарастарды да атап көрсеткен жөн. Аксиологиялық көзқарас бастапқы күйінде білім алушыларды балалар мен жасөспірімдер ұйымының жағдайында құндылықты дамыту және тәрбиелеудің тұтас жүйесін анықтайды, оның негізінде ең жоғары педагогикалық құндылық, тұтас заманауи білімнің мәні мен базалық ұлттық құндылықтардың жүйесі ретінде ұлттық тәрбиелік идеал жатыр. Көзқарастың тұжырымдамалық негізі – адам, ол дүниедегі өзінің қызметін рухани идеалдардың, рухани ұстанымдардың және моральдық нормалардың негізінде ұйымдастыруға қабілетті субъект, базалық ұлттық құндылықтарды иеленуші. Аксиологиялық көзқарас берік рухани-моральдық негіздерде ұйым тіршілігінің құрылымын түзуге мүмкіндік береді. Тұлғалық-бағдарлы көзқарас педагогтердің назарын ұйым қатысушысының тұтас тұлғасына, оның тек зияткерлік, жауапкершіліктің азаматтық сезімдеріне ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық талаптары мен балалар қозғалысында дамыту мүмкіндіктері бар рухани тұлғаға да аударады. Жүйелі-әрекетті көзқарас құндылықтардың даму үдерісінің полисубъектілігін ескереді. Балалар ұйымына қатысты қолданысында ол жалпы білім беру мектептерінің жетекші рөлінде, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру қызметінің түрлі субъектілерімен үйлесімділікті қарастырады. Қазақстандағы құндылықтар жүйесінің стандарты ретінде «Мәңгілік Ел» құндылықтары енгізілді. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде патриоттық тәрбиенің жеті қағидасы нұсқасында көрініс тапқан, өйткені Қазақстанда нақты бағыт бойынша оқу, сыныптан тыс жұмысты тәрбиелік қызметтегі барлық мүмкін құралдарымен күшейту өзекті мәселе болып отыр [2]. Бұл қағидалар: Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 8 Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады. Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз. Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз. Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті - Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз. Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз. Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің еліміздің ұзақ мерзімді даму әлеуеті шеңберінде абзал міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың міндеттерін айқындап берді. Дамытушылық тәсілдеме психологиялық-педагогикалық, коммуникативтік жағдайларды қолданумен сипатталады. Педагог білім алушыға және оларға арналған отбасылық, әлеуметтік, мәдени өмір, өз-өздеріне (соның ішінде: Отан, Отбасы, Мейірімділік, Заң, Ар- намыс деген не? Ұлттық құндылықтардың базасы не?) деген оқытудың мазмұнын, яғни құндылықтар сауал түрінде ұсынылған кезде дамыту мен тәрбие берудің дамытушы сипатына қол жеткізіледі. Түсіну (сұраққа жауап 9 беру), құндылықтардың қоғамдық мәні мен олардың тұлғалық мағынасы ашылғанда ұғыну арқылы қол жеткізіледі. Базалық құндылықтардың әрқайсысы педагогикалық тұрғыда сауал ретінде айқындалып, тәрбиелік міндетке айналады. Оны шешу үшін оқушылар педагогтермен, ата-аналарымен: -жалпы білім беретін пәндерге; - өнер туындылары мен киноға; -заманауи өмірден хабар беріп отыратын мерзімдік әдебиеттерге, жарияланымдарға, радио және телебағдарламаларға; - Қазақстан халқының рухани мәдениеті мен дәстүрлеріне; - өз Отанының, өз өлкесінің, өз отбасының тарихына, дәстүрлері мен заманауи өміріне; - өз ата-анасы мен ата-бабасының өмірлік тәжірибесіне; - педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени тәжірибелер аясында қоғамдық пайдалы және тұлғалық маңызды әрекеттерге; - ақпараттың және ғылыми білімнің басқа да көздеріне, өмірдің басқа да мәдени, азаматтық субъектілеріне және оның мазмұнына назар аударады. Осылайша, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының түрлі әрекеттерінің мазмұны құндылықтарға қатысты сауалдар мен олардың міндеттері түрінде қалыптасқан аяда бірігеді. Өз кезегінде, құндылықтар білім беру процесінің мазмұнында және мектеп өмірінің бүкіл кезеңінде біртіндеп ашыла түседі. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жағдайындағы құндылықты бағдарлауда педагог рөлі көзқарасының орны бар. Е.Г.Ожогованың пікірінше тұлғада психикалық шалдығу синдромының болмауы мұғалім үшін маңызды [11]. Жоғары деңгейі - педагогтің жұмысқа деген қызығушылығының болмауы, ал төменгі деңгейі – оның өзін-өзі бағалай алмайтынын білдіреді. Бұл ретте, оның өзіне тұлғалық ресурстарды белсендендіру қажет. Керісінше, белсенді педагог өмірлік, әлеуметтік, мәдени, адамгершілік пәрменінің базасын жасақтайды. Д.В. Лепешев, А.К. Жұмашев, балалар қозғалысын ғылыми танымның мәні ретінде зерделеп, бүгінгі уақытта балалар қозғалысын зерттеумен болжам бойынша балалық шақтың әлеуметтік кинетикасы деп аталатын жаңа ғылым айналысатынын атап көрестті [12]. Балалық шақтың әлеуметтік кинетикасы балалар қозғалысын мемлекет пен қоғамның жүйесінде келесі ретте қарастырады: 1. Балалар дүниесі мен ересектер дүниесін шынайы байланыстыратын ерекше әлеуметтік құбылыс. 2. Балалардың қоғамдық өмірге қатысуының ерекше нұсқасы, ол өз құрамында баланың әлеуметтік құқықтары мен еркіндіктерін іске асырудың механизмдерін объективті құрайды. 3. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі барысын бағыттап отыратын өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік-тәрбиелік институты. Зерттеушілермен жаңа ғылым мәні аясындағы зерттеушілермен (педагогтер, психологтар, әлеуметтанушылар, философтар, тарихшылар, 10 саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, дәрігерлер, құқықтанушылар) белгіленіп, төмендегідей үш аспектіні: - балалар қоғамдық бірлестігі мен ұйымының феноменін; - балалар қоғамдық бірлестігінің қызметі, оның қызмет етуі, әлеуметтік әрекеттесуін; - қоғамдық бірлестік пен ұйым қызметінде жеке тұлғаның қалыптасуын құрайды. Балалар ұйымының барлық қызмет түрлері үш топқа бөлінеді. Функциялардың бірінші тобына мақсатты функциялар кіреді, олар ұйым қызметінің мақсаттарын құрайды; балалардың түрлі қызығушылықтарын, олардың зияткерлік, рухани және физикалық дамуын қанағаттандыруға бағытталатын; балалардың әлеуметтік қатынастарын реттеуге, олардың әлеуметтік саулығы үшін жағдай жасауға бағытталған әлеуметтік- педагогикалық функциялар. Екінші топқа коммуникативтік функциялар кіреді, олар сайма-сай әлеуметтік ортаның қалыптасуына, балалар ұжымының дамуына бағытталады. Үшінші топқа алғашқы екі топтағы функциялардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық функциялары кіреді: жоспарлау, рефлексия, түзету, бақылау және т.б. Балалар ұйымының ерекше функцияларына дәстүрлермен қатар, келесілер: - жасөспірімдердің түрлі қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізінде, өз қызметін ұйымдастыруына, өз орнын табуына және өздігінен дамуына ықпал ету; - ұйым мүшелерінің құқықтарын, қызғушылықтары мен қажеттіліктерін қорғау; - балалардың және жасөспірімдердің гуманистік дәстүрлерге негізделген, меншікті оң тәжірибесінің қалыптасуының көзі ретінде шығатын әлеуметтік тәжірибені меңгеруі үшін жағдай жасау жатады. Ғалымдардың балалар мен жасөспірімдердің баланың құндылықтарға негізделген дамуындағы рөлі туралы пікірлерді басшылыққа алып, оның мынадай қырларын бөліп көрсетуге болады: - балалар қозғалысының басты рөлі бала үшін нәтижесі құндылықты құзыреттіліктер болатындай құндылықты практикалық-бағдарлы қызметтің үдерісін ұйымдастырумен көрінеді; - ұйым әлеуметтік мәні бар құндылықтардың меңгерілуі үшін жағдай жасайды; - ұйым заманауи ғылыми көзқарастарға негізделеді, бұл заманауи негіз қалаушы құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Мәңгілік Ел» ұлттық құндылықтарына дағдыландырады. 2011 жылдың 6 шілдесінде Қазақтан Республикасында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы құрылды. «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Қазақстан Республикасының барлық оқушыларын біріктіріп отыр. 11 Қазіргі уақытта қызмет көрсетіп отырған мектептік ұйымдар республикалық ұйымның бір бөлігі болып табылады. «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының қызметі туралы Ережелерінде жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарының, гуманизмнің, толеранттылықтың және демократизмнің негізінде өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмінің рухында, қалыптастыратыны анықталған [13]. «Жас Ұлан» жас ерекшеліктерін ескеру қағидасын ескеріп, екі деңгейден құрылған: 1-4 сынып оқушылары секілді ұйым мүшелері (6-10 жас) «Жас Қыран» қатарына, ал 5-10 сыныптардың оқушылары (11-16 жас) «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылу балалардың өз еркімен, оқушылар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша жүргізіледі. Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі болу мақтаныш және үлкен құрмет. Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ең алдымен оқуда жетістіктері бар, белсенді азаматтық айқындамасын Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымына танытқан мектеп оқушылары қабылданады. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білімге жəне өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, өз ісіне жауаптылық көзқарасын, Отан тарихына, Тəуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының бірыңғай басым міндеті қатарына: - Қазақстан халқының тілін, мəдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік əлеуетті қалыптастыру; - балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; - танымдық қызметін ынталандыру; - балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық жəне əлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; - баланың бойында жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық жəне ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту жатады. «Жас Ұлан» ұйымы қызметінің жетекші қағидалары қатарына шығарылғандар: - азаматтық сана-сезім жəне жалпы адами құндылықтардың басымдылығы; - еріктілік жəне қол жетімділік; - ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дəстүрлерін сақтау; - ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектермен балалардың бірлігі; - қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты. «Жас Ұлан» ұйымы қызметтеріне: - тəрбиелік; - танымдық; - коммуникативтік; 12 - əлеуметтік; - ақпараттық; - шығармашылық жатады. Мықты тəрбиелік əлеуетіне ие бола тұра, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы əрбір функциясын «Мəңгілік Ел» құндылықтарына баулуға бағыттауы тиіс: - тәрбиелік функция – өмір үлгілерін, мінез-құлық мысалдарын дарыту, құндылықтарды насихаттау, дүниеге, адамдарға, өзіне көзқарасы және т.б.; - танымдылық функция – білімділік құндылықтары (дүние туралы ауқымды білімдер) және оларды әлеуметтік тәжірибеден өткізу; - коммуникативтік функция – қатынастың әлеуметтік нормалары, тіл мәдениеті эталондарының құндылықтары, оларды ұтымды коммуникативтік үдеріс арқылы өткізу (ақпаратпен тиімді алмасу, коммуникативтік жүріс- тұрыс); - әлеуметтік функция – балаларды және жасөспірімдер ұйымдарының ауқымды әлеуметтік байланыстарға қосылуына және өзінің әлеуметтік ортадағы орнын табуға көмегін тигізетін жалпы адами құндылықтар, ұлттық жүйе мен құндылықтар; - ақпараттық – білімділік, рухани және мәдени қажеттіліктерді қамтамасыз ететін жиналған, өңделген және анықталған ақпараттық (өзекті, объективті, қаныққан) құндылықтар, сонымен қатар ақпараттық жүріс-тұрысты және жеке құндылықты қызығушылықтарын моделдеу; - шығармашылық – баланың шығармашылық әлеуеті, оның табиғи талаптары, жасампаз шығармашылық еңбек құндылықтары. Базалық ұлттық құндылықтар жеке оқу пәнінің мазмұнында, білімділік қызметтің нұсқасында немесе түрінде жинақталмаған. Олар мектеп өмірінің, оның оқу мазмұнының тұтас өзегін құрып, мектеп оқушысының адам, жеке тұлға, азамат ретіндегі көпқырлы қызметін тұтас қамтиды. «Мəңгілік Ел» ұлттық құндылықтары тұлғаның тəрбиесі мен əлеуметтенуі кеңістігінің мəндік негізін құрайды. Бұл кеңістікте жеке оқу пəндері арасындағы, мектеп жəне отбасы арасындағы, мектеп пен қоғам арасындағы, мектеп пен өмір арасындағы кедергілер жойылады. «Мəңгілік Ел» құндылықтары балалар мен жасөспірімдердің бірігуіне бағытталған. «Мəңгілік Ел» ұлттық құндылықтарына баулудағы түбегейлі рөл қоғамдық ұйымның ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне берілген. Дəл соларға келесідей жаңғырту шараларын іске асыру міндеті жүктелген: - мазмұндық қызметті; - балалар мен жасөспірімдердің өзінің орнын табудағы нұсқаларын; - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту әдістерін; - оқушылар мен мұғалімдер, бірлестіктегі оқушылар, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары, балалар мен әлеуметтік орта арасындағы тұлғааралық өзара қатынастар мен өзара әрекеттесулердің жаңа жүйесін құру. 13 Педагогикалық өзара әрекеттесу баланың өзінің танымы мен дамуының деңгейін, ырғағын, көлемін, нәтижесін ерікті таңдауға деген бала құқықтарын сөзсіз тануға негізделуі тиіс. Осы айқындамалардың барлығы балалар ұжымының бағдарламаларында, жұмыс жоспарларында, Ережелерінде, Жарғыларында көрінісін табуы тиіс, бұл өз кезегінде «Мəңгілік Ел» құндылықтарын дамытып, оны бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұстаздар білім алушыға формалды ұрандату деңгейінде рухани құндылықтар мен нормаларды дарытудың мүмкін емес екенін түсінуі қажет. Қандай да бір құндылықтардың немесе нормалардың жетік меңгерілмеуі адамның жеке сферасының тұтас сыйықсыздануына әкелуі мүмкін. Жеке тұлға дегеніміз – бұл меншікті еңбек пен ізденуден шыққан өнім. Сондықтан педагогтердің міндеті – балаларға өз ісін, рөлін, орнын, мақсатын, мүддесін, қоршаған ортасын, мәртебесін, перспективасын табуға көмек көрсету. Тек белсенді практикалық қызметте ғана жеке тәжірибе жинақталып, рухани құндылықтар шыңдалады. Осы орайда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы педагогтің құзыреттіліктерін анықтап алған орынды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырушысының құзыреттіліктері Білімділік құзыреттіліктер Әдістемелік құзыретілік Жеке тұлғалық мәні бар қасиеттер 1. Жалпы, ерекшелік психологиясын, әлеуметтік педагогиканың теориясын білу. 2. Балалар ұйымдарының ерекшелігі сферасындағы, олардың даму тарихы мен теориясындағы кәсіби құзыреттілікті білу. 3. Заманауи формаларды, әдістемелерді, тәрбие жұмысының модельдерін білу. 4. Балалар құқығын қорғау аясындағы құқықтық білімдердің болуы. 5. Психологиялық- педагогикалық бағыттағы диагностикалық әдістерді білу. 1. Балалардың шығармашылық қабілеттері мен бейімдерін жүзеге асыру үшін жағдай жасай білу. 2. Балалардың қажеттіліктерін түсіну. 3. Балалармен байланыс орнату, тұлғааралық қатынастарды реттей білу. 4. Балалар бірлестігімен жұмыс жасау әдістемесін меңгеру. 5. Педагогикалық міндеттерге қарай жұмыс бағытын өзгерте білу. 6. Өздігінен білімін жетілдіруге қабілеттілік. 1. Рухани және педагогикалық мәдениет. 2. Коммуникативтілік. 3. Зияткерлілік. 4. Бастама шығаруға дайындық. 5. Жауапкершілік. 6. Өздігінен ұйымдастыруға жеке тұлғалық қабілеттілік. 7. Шығармашылық әлеует. 8. Жалпы білімпаздық. 9. Ой өрісінің оң нәтижеге бағытталуы. «Мəңгілік Ел» құндылықтары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қызметінде негіз қалаушы болып, бірлестік мүшелерінің келесі: 14 зияткерлік; спорттық; шығармашылық; қоғамдық қызмет; ақпараттық құқықтық даму бағыттары бойынша іске асырылуы тиіс. Балалардың зияткерлік дамуындағы негізгі бағыттар болып табылатындары: ой-өрістің операциялық қырын қалыптастыру (ақпаратпен жұмыс жасау, оны талдау, жинақтау икемі), білімдер, мотивация, өздігінен ой құру, өз қабілетіндегі сенімділік, ой қызметінің тереңдігінің, қисынының жəне белсенділігінің, білімге жəне білімділіктің беделіне деген сенімнің жиынтығы. Нəтижесінде зияткерлік деңгейі жоғары балалар өзін-өзі бағалаудың сайма- сай деңгейін, ішкі еркіндікті жəне өзін-өзі бақылаудың, танымдық қызығушылық пен бастамашылдықтың жоғары деңгейін алып шығады. Бұл оларға зияткерлік ойындарға, дебаттарға, пəндік жəне шығармашылық олимпиадаларға, ғылыми-тəжірибелік конференцияларға, пікірталастарға өнімді қатысушы болуға көмектеседі. Зияткерлік қабілеттердің толыққанды дамуы жақын болашақта қоғам проблемаларын іске асыруға үлес қосатын балалар үшін өте маңызды. Баланың зияткерлік жетілуінің дəрежесіне оның осы əлеуметтегі өзіндік рөлін түсінуі тəуелді. Қалыптастыруға жататын зияткерлік дайындық – «Мəңгілік Ел» идеясына сəйкес ұлттың зияткерлік іргетасын құрайтын құрамдастардың бірі болып табылатын құндылық. Баланың зияткерлік дамуы заңдылықты кезең алмасуымен сипатталады, ондағы əрбір жаңа кезең келесісін дайындайды. Ойдың жаңа нұсқаларының пайда болуымен, ескі нұсқалары жойылмай, сақталады да, толықтырылады. Осылайша, мектеп оқушыларының ой-өрісі бара-бара қиындай түсетін міндеттерді шешуде өз мəнін таба отырып, жаңа мазмұнына ие болады. Сонымен қатар, зияткерлік ой икемді, ерекше ойлау қабілетінің дамуында, құбылыстар мен нысандарға деген зерттеушілік көзқараста көрініс беріп, едəуір жоғары деңгейге шығады.