«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған аудандық ақындар мүшәйрасы

       Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының ашылуына аудандық «Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына ақындар мүшәйрасы» 8-10 сынып оқушылары арасында  Макинск№5орта мектеп базасында 21 қаңтарда өтілді.

      Ақындар  мүшәйрасының  негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу,  мектеп оқушыларының  қазақ халқаның бас ақыны Абай шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру көзделеді.

Ашылу салтанатына орай сахна безендіріліп, әннен шашу шашылды.

         Әділ қазылар алқасы аудандық «Бұланды ақпараты» газетінің тілшісі,  облыстық  ақындар байқаулардың жүлдегері -– Зандыбай Жайнарбек мырза болды.                                                                                  

        Мүшәйрасы 9 оқушы қатысты. Оқушылар  ақындар мүшәйрасының бірінші  кезеңінде  оқушылардың шығармалар жинағы қазылар алқасына ұсынылып, қатысушы бір өлеңін жатқа мәнерлеп  оқып берді.Екінші кезеңінде  қатысушыларға  белгілі бір  тақырып төңірегінде  өлең шығаруға  уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін қатысушылар өлеңдерін оқыды.      

    Ақындар  мүшәйрасының  қорытындысы бойынша Қараөзек орта мектебінің 9- сынып оқушысы Хайымхан Ақтілек, Макинск №5 орта мектебінің 9- сынып оқушысы Серікбол Нұрлыбек, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей  9- сынып оқушысы Даирова Амина облыстық ақындар мүшәйрасына қатысатын болды.

Жаңартылған күні: 23.01.2020 15:52
Құрылған күні: 23.01.2020 15:52

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст