ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.
Жаңашылдықтар:
•Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
•Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
•SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
•Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;
•Болашақ педагогтер үшін шектік балл - 70; •ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
•ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
•Тестілеу уақыты 4 сағатты құрайтын болады.