«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Робототехника бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" атты аудандық байқау

27.10.2021

Робототехника бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" атты аудандық байқау.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және балалар арасында робототехниканы танымал ету, жарысқа қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында 27 қазан күні "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында робототехника бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" атты аудандық конкурс өтті. 3 категория бойынша жарысқа ауданның 5 мектебінен 20 оқушы қатысты.

Бұландылық жас  робототехниктар дағдылар мен өздерінің білімдердін көрсетті. Әр команда конкурста жүлделі орынға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:

"Сызық бойынша жүру" санаты

1 орын – "Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ

2 орын – "Макинск қаласының мектеп-гимназиясы"КММ

"Лабиринт" Санаты

1 орын – "Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі"КММ

2 орын - "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ

"Интеллектуалды Сумо "А"санаты

1 орын – "Капитоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ

2 орын - "Макинск қаласының мектеп-лицейі"КММ

3 орын - "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ

Байқаудың жүлдегерлері 2021 жылдың 5 қарашасында өтетін облыстық робототехника конкурсында Бұланды ауданының командасынығ намысын қорғайтын болады.

Команданы жеңісімен құттықтаймыз!

  • 8.jpg
  • 8.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 27.10.2021 17:03
Құрылған күні: 27.10.2021 17:06

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст