«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Сыныптан тыс сабақ тақырыбы: «Тарих әлеміне саяхат» танымдық ойын Мектеп: «Макинск №2 жалпы орта білім беретін орта мектебі»КММ Мұғалім:Еділ Аманжол Сынып:10 Пән:Тарих

Қазақстан тарихынан сыныптан тыс жұмыс жоспары

Интеллектуалды ойын.   батырлар,   дана   тұлғалар   жайлы   білімдерін толықтыру. Мақсаты:  Сабақ барысында игерген білімдерін нақтылау. Ел тарихы туралы берілген тапсырмаларға дәл жауап табуға дағдыландыру.Тарихи терминдер қорын көбейту, тілдерін         дамыту. Қазақ   тарихындағы қоғам қайраткерлері,   Қазақстан   тарихына қызығушылықтарын   арттырып,   білімдерін     кеңейту.   Отансүйгіштікке,   патриоттыққа,   жеңімпаздыққа тәрбиелеу. Қажетті көрнекі құралдар: сайыс кезеңдері жазылған плакат, қанатты сөздер т.б.Ойынға   9сынып   оқушыларынан   құралған   «Ғасыр»   тобы   мен   10  сынып   оқушыларынан   құралған «Заман» тобы қатысады. Жауаптардың бағасы ұпаймен өлшенеді. Сайыс сегіз кезеңнен тұрады: І. Мен білемін ІІ. Осылай болған ІІІ. Жұмбақ оқиға ІҮ. Базарлық Ү. Жылдар тізбесі ҮІ. Атамекен ҮІІ.Тарихтан хат ҮІІІ.Тарихи тұлғаны таны І кезең  «Мен білемін» деп аталады. Бұл кезеңде сұрақтар екі топқа кезек­кезек қойылады.Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен  бағаланады. ­Ендеше мұқият тыңдайық: 1.Шу,Талас аңғарындағы ХҮ ғасырдың ортасында қалыптасқан мемлекет? (Қазақ хандығы) 2.ХҮІІІ ғ басындағы соғыс қасіретінен туған ән? (Елім­ай) 3.Қасиетті мұсылман санына байланысты заңның атауы? (Жеті жарғы) 4.Қ.Жұмаділов романында  Дарабоз атанған батыр? (Қабанбай) 5.Жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан 15 жасар бозбала? (Абылай) 6.Керей мен Жәнібектің ақылшы, кеңесшісі болған жырау? (Асан қайғы) 7.Абылайдың кеңесшісі, ақылшысы болған жырау? (Бұқар) 8.Исатайға күй арнаған күйші? (Құрманғазы) 9.Қазақты үшке бөлген сан? (100) 10.Қай хан тұсында қазақ хандығындағы халықтың саны 1 млн­ға жетті? (Қасым) 11.Бес ай қоршауда болған қала? (Отырар) 12.ХҮІІ­ХҮІІІ ғасырларда қазақ елі қай мемлекетпен күресті? ( Жоңғар) 13.Қазақстанда сопылық  ілімнің негізін салушы? (Қожа Ахмет Иасауи) 14.Үш есімді батыр кім? (Ерасыл,Қабанбай, Дарабоз) 15.Кіші жүзде болған ұлт­азаттық көтеріліс жетекшілері? (Исатай мен Махамбет) 16. 98 қазақ батыр атағын алған қай соғыс (1945 жылғы Ұлы Отан) 17.Қазақтың әдет­ғұрып заңдарын ата: (Жеті жарғы, Есім, Қасым) 18.Отырардың қираған жылы, орны? (1219ж Шымкент облысы) 19.Қазақтың  ұлт­азаттық күрестерін ретімен ата? (Сырым, Исатай, Кенесары, Амангелді) 20.Ақтабан шұбырынды болған жылдар? (1723­1727ж) ІІ кезең. «Осылай болған» деп аталады. Бір қалташада сұрақтар екіншісінде жауаптары бар.   І топқа: Оларды сәйкестендіріп, дұрыс әрі тез орындауларың керек. 1.Қазақ  жеріндегі Х­ХІІ ғасырлардағы ең ірі қала­  (Отырар) 2.Қазақ тілінің негізін қалаған тіл­  (Қыпшақ,Үйсін) 3.Қазақ АКСР­і құрылды­    (1920 ж) 4.Қазақ АКСР­і Қазақ КСР­і болып аталды­   (1936ж) 5.Алғашқы Астана­  (Орынбар) 6.Алаш партиясы құрылды ­    (1917ж) ІІ топқа: 1.Қазақ КСР­нің алғашқы Конституциясы қабылданды­   (1937 жылы наурыз) 2.Қазақ газетінің алғашқы редакторы­   (А.Байтұрсынов) 3.Қазақ АКСР­нің халық саны­   (5000 000) 4.Қазақстанның демократиялық жаңару күні­   (1990ж 25 қазан) 5.2030  стратегиясы қабылданды­ (1997ж) 6.Астананың тұсау кесері­    (1998ж 10 маусым) ІІІ кезең «Жұмбақ оқиға»  деп аталады. Алдын ала таспаға жазылған материалды кезек­ кезек тыңдап,бұл қандай оқиға туралы, кім туралы екенін табу керек. 1.Өзінің денесін пышақпен тіліп­тіліп жау жағына өтеді, оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады.Енді   өзін   өкпелеткендерден   кегін   алмақшы   екенін   айтады.   Мақсаты:   қарсыластарын   қырғынға ұшырату еді.Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.  Бұл қашан болған, қандай оқиға, кім туралы? (Бз.б.521­486) (Сақ­грек Македон соғысы.Шырақтың ерлігі) 2.Олар көрші империалар үшін өте қауіпті, қатерлі болды.Талдан тоқылған бөгеттер мен терең орлар да, берік қамалдар да ешқандай бөгет бола алмады.Тіпті тұғыры берік әрі салуы қымбатқа түскен қорғаныс та түкке жарамай қалды.Олар Орталық Азияны,Сібірді бағындырды.Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.Оларға көрші халықтар алым­салық төлеп тұрды.Олар адам келбетті, арыстан жүректі болды.Рим шекарасына беттеді. (Ғұндар) 3.Ойламаған   жерде   қазақ­қырғыз   шекарасында   Алмалысай   жайлауындағы   Кекілік   тауында   қоршауда қалды.Наурызбай батыр өз жасағымен қоршауды бұзуға ұмтылады.Басшы оған «Біз мүмкін қоршауды бұзып шығармыз,ал   қалғандары   қайтеді?Олардың   бәрі   қырылады   ғой.Егер   хан   басыммен   қашып   кетсем   не болғаным»,­деген екен.Қырғыз  Қалығұл Әлібеков оның басын шауып Ресей басшысына апарып беріп, 500 сом затты ұсыну сөзі; 2 буын­ майдың орысша атауы Әйелдер абақтысының аты шығады (АЛЖИР) 1буын – қарт Адам, 2 буын­тұрғылықты жер. Отан сөзінің синонимі (АТАМЕКЕН) 1 буын­алақан түю, 2 буын­жеміс­жидек ордасы  Ауыз әдебиетінің жанры Екінші топ: 1 буын­ «құпияның» синонимі, 2 буын­сөйлеудің түрі. (Батыр есімі.СЫРЫМ) 1 буын –үй құсы, 2 буын­үйсін билеушісінің титулы Ел билеген дана (ҚАЗЫБЕК)) 1 буын­жәндік, 2 буын­күннің түсі . Хан қолбасшы (КЕНЕСАРЫ) 1буын­етістіктің қаратпа сөзі, 2 буын­орта жүз руы. Батыр әскербасы (ҚАРАКЕРЕЙ) ҮІІ кезең   «Тарихтан хат» деп аталады. Бұл сайыста әр топ тарихи оқиғадан алынған мәтіндегі   тастап кеткен сөздерді тауып орнына жазу керек. Отарлау саясаты. Ресейдің Қазақ жерін (                  ) саясаты басқару жүйесін отарлаудан  көрінді.ХҮІІІ ғ 80 жылдарында  (                        ) мен  (                   ) Кіші жүзде   (                               )жоюға тырысты. 1781 ж Абылай өлімінен соң   (                )   патша өкіметінің билігін мойындады. Сібір генерал­губернаторы   (                                  )       басшылығымен        (               )    жылы жасалған «Сібір қырғыздары туралы жарғысы» негізінде басқарудың     (                  )   әкімшілік жүйесін құрды.           (керекті сөздер:отарлау, Игельстром, Тевкелев, хандық билікті, Уәли, М.Сперанский, 1822, жаңа) Абылай хан (            ) шын аты Әбілмансұр. Ол қазақтың сұлтаны Көркем (                 ) ұлы.Жоңғар шапқыншылығы кезінде (    ) жасар бала.Ел арасына (                 ) кетіп,өзінің (                  )жасырып (                               ) болған. 20­30 жылдары Әбілмансұр жоңғарларға қарсы шайқасқа қатысып (                      ) болған. Абылай хан 1755 жылы ( ) Жоңғарияны басып алуын мойындамай Әмірсанаға көмектеседі. (                       ) қазақ жерін (               ) күш салды. 1771 жылы (            ) сайланды. (керекті сөздер: Ханның,Уәлидің,  13, қашып, атын, Сабалақ, батыр, Қытайдың, Абылай,қорғауға, хан.) Соңғы ҮІІІ кезең «Тарихи тұлғаны таны»  деп  аталады.   Аты   айтып   тұрғандай  мен   тарихи  тұлғаларға мінездеме беремін,сендер оның кім екенін табуларың керек. (Әр топ кезекпен жауап береді) Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт­азаттық көтерілістің басшысы.Торғай уезі Қайдауыл болысының 3­ ауылында   кедей   шаруа   отбасында   туған.Ол   байларға   жалшы   болды,еңбекші   халықтың   тартқан   қайғы қасіретін,ауыр   тұрмысын   көрді.1905­1907   ж     орыстың     1­   революциясының   азаттық   идеясы   ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты. (Амангелді Иманов) 2.Кеңес –Герман соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып,Берлинде Рейстагтың үстіне қызыл туды тікті.Ақмола облысындағы қыстақта дүниеге келген. (Рақымжан Қошқарбаев) 3.   2­дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы.Туған жері Жамбыл   облысы.Әскери   міндетін   өтеуге   шақырылып,запастағы   командир   атағын   алады.   Қызыл   Армия қатарында,түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. ( Бауыржан Момышұлы) 4.Тәуке   заңдар   жинағын   жасауға   қатысқан,   Жоңғар   басқыншылығына   қарсы   азаттық   күрес ұйымдастырушылардың бірі. ХҮІІІ ғ 40 жылдары Абылайды жоңғар тұтқынынан құтқарған.Шешендігімен өз жауын жыққан,қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі.  ( Қазыбек би) 5. Қатаң тәртіп орнатуда атасының саясатын жүргізген.Үш жүздің руларын саясаткер,дипломат хан ретінде бір ту астына жинаған,әскер санын 20 мыңға жеткізген адам. І Николай оның басын кесіп әкелгендерге бәйге жариялады. Оның сардарбегі Амангелдінің атасы Иман болды.(Кенесары ха) 6.Әз   Жәнібектің   ұлы.Оның   тұсында   Қазақ   хандығының   саяси   ықпалы   күшейіп,   ірі   қуатты   хандыққа айналды.Оның тұсында қазақ саны 1 000 000­ға жетті.   (Қасым хан) Қай топ жеңгенін қорытындылап, мадақтау. Қатысқандарыңызға көп рахмет!

Жаңартылған күні: 18.04.2022 15:36
Құрылған күні: 18.04.2022 15:36

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст