Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді.
⠀
📝Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп жатыр. Карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.
⠀
📝ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар:
✅11 (12) сынып оқушылары;
✅өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер;
✅шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер.
⠀
⚠️Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады. Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.