Текст
VII Республикалық «Менің кіші Отаным» жас тарих білгірлеріне арналған интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңіне Бұланды ауданынан төрт оқушы қатысты. Екі қатысушы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды: Қараөзек ОМ-нің 10-сынып оқушысы Теңелгенқызы Нұрсауле «Менің кіші Отанымның тұлғалары» номинациясында 2-дәрежелі дипломға (мұғалімі – Идрисова К. Т.), ал Макинск қаласының ШЛ оқушысы Бақытжан Наурызбай «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясында 3-дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта табыс тілейміз!