4 ақпан күні Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық кезеңі онлайн форматта өткізілді. Комиссия мүшесіне аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері, аудандық педагогтар ассоциацияларының жетекшілері және ағылшын тілі мұғалімдері кірді, төрайымы АӘК меңгерушісі Ж.Алдабергенова болды. Сайыстың 8 тапсырмасы қысқартылған түрінде берілді. Сайысқа 26 оқушы қатысты. Комиссия шешімі негізінде әр сынып бойынша орындар иеленді. Бірінші орын иеленген 4 оқушыға облыстық сайысқа тапсырыс беруге шешім шығарылды. Облыстық сайысқа қатысушылар: Тулегенова Жулдыз 8сынып Б.Шолақ мектебі, Наурызбек Қарақат 9 сынып Қараөзек орта мектебі, Текен Ақерке 10 сынып Б.Шолақ мектебі,Тлекова Елнұр 11 сынып Никольск мектебі. Алдағы уақытта облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз.