«Білім берудегі интернет-ресурстар: жүргізу және толтыру алгоритмдері» атты тақырыпта Ақмола облысының білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Багдат Кадыровтың төрағалығымен интернет-ресурстармен жұмыс жасау бойынша онлайн-семинар өтті.
Айта кету керек, цифрлық технологияларды дамыту педагогтердің жұмыс тиімділігіне оң әсерін тигізеді, олар үлкен көлемдегі деректерді жинауға және талдауға мүмкіндік беріп, білім алушылардың жан-жақты дамуына, практикалық дағдыларын жетілдіруге, оқуға деген ынтасын арттыруға, сондай-ақ оқытушылардың жұмысын жеңілдетіп, ыңғайлы етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, цифрландыру тек оқу процесін ғана емес, ұйымдастырушылық аспектілерді де қамтиды. Мысалы, электронды күнделіктер мен журналдар, сондай-ақ мұғалімге қоңырау шалудың немесе мектепке келудің орнына электрондық хабарлама жазу мүмкіндігі де цифрландыруға жатады.
Семинар білім беру процесіндегі интернет-ресурстарға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған пайдалы практикалық алаңға айналды. Қатысушылар арасында аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің цифрландыру бойынша координаторлары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарын толтыру және жүргізу жөніндегі жауапты мамандары арасында конструктивті пікір алмасу өтті.