«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білім бөлімнінің басшысы А.Жолдыгулованың қатысуымен білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңесі өтті

09.02.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім  бөлімінің басшысы А.Жолдыгулованың  төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен Бұланды ауданының білім бөлімінің жұмыс кеңесі өтті. Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Алдабергенованың "Білім сапасының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы туралы. Білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы" тақырыбында баяндама жасады. "Шұбарағаш орта мектебі" КММ, "Тоқтамыс орта мектебі" КММ, "Журавлевка орта мектебі" КММ, "Тастыөзек орта мектебі" КММ, "Новодонец орта мектебі" КММ директорлары қосымша баяндамаларын оқыды. "2021 жылға арналған ББ-жоспарын қарастыру және бекіту" тақырыбында білім бөлімінің басшысы А. Жолдыгулова баяндама жасады. Басшының "2020-2025 оқу жылына арналған ББДМБ" тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. "Күнделік" электронды журналының жаңалықтары. "Күнделік" электронды журналын, ҰБДҚ, әлеуметтік желілер, білім беру ұйымдарының сайттарын жүргізу. Қашықтан оқытатын мектептердегі "Онлайн – Мектеп" платформасын жүргізу мониторингі" тақырыбында білім бөлімінің мониторинг бойынша әдіскері А.Төлебаев баяндама жасадысөз сөйледі.

Білім беру ұйымдарының басшыларына ұсынылды:

1. Жоғарыда баяндалған ақпарат назарға алынсын.

2. Дәлелсіз себептермен оқушылардың сабаққа қатысуын, дәлелді себептермен оқушылардың сабаққа қатыспауын талдау.

3. Оқушылардың білім, білік және дағды деңгейін жүйелі түрде анықтау;

4. Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша уақытылы түзету жұмыстарын жүргізу;

5. Базалық білімді қалпына келтіру бойынша консультациялар өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

6. Педагогикалық құрамға "Күнделік" электронды журналының жаңалықтарын жеткізу;

7. Білім беру үдерісінде "Онлайн-Мектеп" платформасын пайдалану бойынша бақылау жүргізу;

8. "Күнделік", "НОБД" электронды журналын, әлеуметтік желілерді, сайттарды жүргізу бойынша бақылау жүргізу.

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст