«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білім бөлімі басшысының білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңесі

11.11.2024

Кеңесте 2023-2024 оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындылары, білім беру ұйымдарының жылыту маусымының апатсыз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмысы, оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру, мектеп асханаларын ұйымдастыру, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесі, 9 және 11 сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру, кәсіби бағдар жұмыстары талқыланды.

Әлия Абдулвахитқызы басшылардың назарын көтерілген мәселелердің маңыздылығына аударды, себебі басты назар тек білім сапасы мен тәрбие жұмысының тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісімен байланысты барлық факторлардың жүйелілігі мен нәтижелілігіне аударылады. Мектеп оқушыларының тамақтануы мен жылыту маусымының мәселелері ерекше назарда болуы тиіс. Қысқы кезең енді басталды, сондықтан барлық жүйелер тиісті бақылауда болуы керек. Сондай-ақ, оқушыларды жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына бағытталған шараларды жүргізуге жауапты мұғалімдерге де маңызды міндеттер жүктеліп отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінің басшыларына тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Просмотров: 445

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст