2024 жылдың 13 қарашасында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес МДҰ педагогтарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда аудан бойынша құзыреттілік орталығы болып «Балдырған» балабақшасы жұмыс жасауда. Орталықтың бағыты- инновациялық технологияларды қолдана отырып тәрбиелеу және оқыту. «Ашық есік күндердің» мақсаты -жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету,іс-тәжірибемен алмасу және озық педагогикалық жаңашылдықпен бөлісу болып табылады. «Ойын арқылы ҰІӘ-ті ұйымдастыру» атты ұйымдастырылған іс-шарада 25 педагог қатысты. Тәрбиешілер ортаңғы, ересек және мектепалды топтарында ұлттық құндылықтарға негізделген қызықты да мазмұнды 9 ашық сабақ көрсетіп,өз кәсіби шеберліктерін,қолданып жүрген жаңашыл технологияларын ортаға салды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнара Джамбасова сөз сөйлеп,педагогтармен алдағы тұрған жұмыстармен,жыл бойы өткізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті . «Балдырған» балабақшасының әдіскері Зейни Нұрғалиева біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы бастаған «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту» тақырыбындағы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыс жайлы және ұлттық нақыштағы дамытушы ойындарға арналған әдістемелік,дидактикалық көрме бойынша таныстырып өтті. Дене шынықтыру тәрбиешісі Медет Сагиндыков «Бестемше» ұлттық ойынның ойнау тәртібімен таныстырып,жыл аяғында педагогтар арасында сайыс ұйымдастыру көзделді. Қатысқан педагогтар өз пікірін ортаға салып, өздеріне алған іс-тәжірибені жұмысында қолданатынын айтты, ұжымға және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Әр сабақта педагогтар балаларға ұлттық құндылықтарды бойына жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дамытып, жүзеге асырылуда.Ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті,бірлескен жұмыс өз жалғасын таба берсін деген тілек айтамыз