Текст
2024 жылғы 18 желтоқсанда Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы Макинск қаласындағы "№9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-де кабинеттің ашылғанына 10 жыл толуына арналған Ашық есік күні өтті.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – бұл ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына мамандардың білікті көмегін алуға мүмкіндік беретін арнайы білім беру ұйымы.
Мерейтойға арналған іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы А. Жақыпбеков, Бұланды ауданы білім бөлімінің әдіскері Ш. Қаскеева, білім беру ұйымдарының логопедтері, дефектологтары мен психологтары қатысты.
Жұмыс істеген жылдар ішінде кабинет ауданның инклюзивті білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.