Бұланды ауданында 5-11 сынып оқушыларына арналған «Қауіпсіз интернет» Республикалық байқауы аяқталды. Байқауға аудан мектептерінің 26 оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты: оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін көрсететін бейнероликтер жасай отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл бейнематериалдарда жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер, кибербуллингтің алдын алу әдістері және онлайн мазмұнға аналитикалық және сыни көзқарастың көрінісі болуы маңызды.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
І орын: Алдабергенова Элдана, педагог-психолог Макинск қ, № 2 ЖОББМ; Съезхан Арайлым, Қараөзек ЖОББМ; Багзи Арай, Қараөзек ЖОББМ; Облакова Надежда, Капитоновка ЖОББМ.
ІІ орын: Қалиева Анель, Вознесенская ЖОББМ; Морозова Мария, Макинск қ. №1 ЖОББМ; Черненкова Маргарита, Макинск қ. №1 ЖОББМ; Тұрсынбек Ақниет, Айнакөл ЖОББМ; Отрадное ЖОББМ;Партизанка ЖОББМ.
ІІІ орын: Айдана Арқылықызы, Макинск қ. № 2 ЖОББМ; Құрметхан Айжұлды, Духовская Алина, Қарымсақова Снежана, Камаш Назира, Стихиляс Виктория, Байкельді Назым, Төлеген Кенжегүлім, Шубарағаш ЖОББМ.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!