Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2025 жылғы 6-8 ақпан аралығында «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. «Жарқын болашақ» олимпиадасына әр номинация бойынша 7 оқушы қатысты. Бұланды ауданы бойынша Қараөзек ауылының ЖОББМ 9-сынып оқушысы Елешұлы Нұрғиса «Әнші бұлбұлдар» номинация бойынша 1 орынды иеленіп (жетекшісі Елеш Сәттігүл) олимпиаданың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Макинск қаласының мектеп-гимназиясынан «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Тукибаева Аяулым 2 орынға ие болды (жетекшісі Кабиденова Макпал Асановна) және Макинск қаласының «Балуан Шолақ» атындағы мектеп-лицейінің Жантемір Мүслима 9 сынып оқушысы «Бейнелеушілер» номинациясында қатысқаны үшін Грамота алды (жетекшісі Анкей Ханат). Құтты болсын жеңістеріңіз, дайындаған педагогтарына алғысымызды білдіреміз. Республикалық кезеңінде Елешұлы Нұрғисаға сәттілік тілейміз!