Макинск қаласының мектеп-гимназиясында Бұланды ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Макинск қаласының мектеп әкімшілігі, қосымша білім беру орталықтары арасында «Жеті қазына» интеллектуалды ойыны өтті.
«Жеті қазына» интеллектуалды ойынының мақсаты – білім беру ұйымдары арасында танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ортаны қалыптастыру.
Қызыққа толы ойын барысында, оқытушылар тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі сала бағытындағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі келесі командалар болды: оның ішінде І орын Макинск қаласының мектеп-гимназиясы, ІІ орын – Макинск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі III орын – Бұланды ауданы білім бөлімі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Бұланды ауданы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, кубоктармен марапатталды.