Нәзік жандылар отбасының ырыс берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар, қоғамның сан түрлі саласында да белсенділік танытып келеді. Сондай-ақ, олар мейірім мен адамзат жанын шуаққа бөлейді. Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай Макинск қаласының мектеп-лицейінде мерекелік іс-шара өз мәресі жетті.
Білім ордасы бұл күні ерекше мерекелік атмосфераға бөленіп, мейрам иелеріне жүрекжарды ақ тілектер айтылып, адал еңбектің нәтижелері үшін салтанатты түрде алғыс хаттар табысталды. Ауданымыздың білім саласында еңбек етіп, өскелең ұрпақтың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан нәзік жанды ұстаздарды аудан басшысы Ардақ Смаилов құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жұмыста табыс пен отбасылық амандық тіледі.
Білім мекемелерінің дайындаған мерекелік концерт барша көрерменің көңілінен шығып, керемет көңіл-күй сыйлады. Осылайша, мейірімділік пен сұлулықтың, даналық пен рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні білім саласының нәзік жанды қызметкерлері мен ардагерлерін ерекше құрметке бөледі.