Назар аударыңыздар! 2021 жылғы 16 – 30 сәуір аралығында «Bilimland төңкерілген сыныбы» республикалық байқауы өтеді. Бұл байқау «төңкерілген сынып» әдісін қолданушыларға арналған.
«Төңкерілген сынып (Flipped Classroom)» дегеніміз не?
Бұл – мұғалім үйде оқуға арналған оқу материалын ұсынатын (OnlineMektep.org білім беру платформасын қолданып) және сыныпта оқушылардың білімін бекітуге тырысатын аралас оқыту моделі. Оқытудың мұндай әдісін бірнеше жыл бұрын Джонатан Бергман мен Аарон Самс ойлап тапқан. Кез келген жастағы: бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына бірдей қолдана алатын бұл модельге уақыт өте келе мұғалімдердің көбі қызығушылық таныта бастады.
Бұл әдісті дәстүрлі сабақта қолдануға бола ма?
Қашықтан оқыту білім саласындағы бірнеше жыл бойы қордаланған жетістіктердің іске асуын жылдамдатты. «Төңкерілген сыныптың» үлкен артықшылығы – балалар сабаққа дайындалып келеді. Оқушылардың сабақ тақырыбына қатысты материалдарды үйде емін-еркін, асықпай оқып, күрделі тұстарына тоқталып, егжей-тегжейлі пысықтап, зерттеу объектісі туралы түсінік қалыптастырып алуына мүмкіндік болады.
Байқау шарттары:
Жеңімпаздарды анықтау: 2021 жылғы 5 мамыр.
Бағалау критерийлері: ұйымдастырушылар байқауға қатысатын жұмыстарды видеоның сапасы, жұмыстың ерекшелігі және көрнекілігі бойынша бағалайды.
Байқаудың жүлде қоры:
І орын – 1 000 000 теңге,
ІІ орын – 700 000 теңге,
ІІІ орын – 300 000 теңге.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде және OnlineMektep платформасында онлайн форматта өткізіледі.
Видеоға қатысты ұсынымдар: