Текст
№ 1 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Говоркова " Society and technologies of the future-2021 "директор орынбасарлары арасында болып өткен республикалық онлайн ғылыми жобалар конкурсына қатысып, 2 орын иегері атанды. Конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Qazaqstan Education" оқу орындары басшыларының қауымдастығы өткізді. Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының Білім беру мәртебесін арттыру, дені сау тұлғаны дамытуға ықпал ететін тәрбие қызметі саласындағы кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, педагогикалық басшылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, озық педагогикалық тәжірибені дамыту. Байқау екі кезеңнен тұрды. Байқауға "Рухани жаңғыру" атты ғылыми мақала ұсынылды.