«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«Үздік білім беру ұйымы» байқауы

23.04.2021

Дәстүр бойынша әр жыл сайын өтетін аудандық «Үздік білім беру ұйымы» байқауы биыл елдегі пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Мұғалімдер үнемі өзін-өзі дамытумен және кәсіби шеберлігін арттырумен айналысады, оқытудың барлық жаңа әдістерін практикада қолданады, ал конкурсқа келгенде олар өздерінің күштерін аямайды және ең жақсы екенін дәлелдеу үшін шығармашылық әлеуетін толық ашады.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты - тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау. Конкурсқа қатысу үшін ауданнан  он мектеп өтінім берді. ZOOM платформасы арқылы мектеп басшыларының презентацияларын конкурстық комиссия келесі құрамда бағалады: Кенжебике Исмағамбетова, аудан әкімінің орынбасары; Шахман Құсайынов, аудандық мәслихат хатшысы; Алия Жолдыгулова, аудандық білім бөлімінің басшысы; Карлагас Байтемирова, білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеттері төрағалары кеңесінің төрайымы; Светлана Маликова, білім бөлімінің әдіскері, Айнагүл Тамимова, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің оқытушысы; Айгүл Аманжолова, аудандық «Бұланды Ақпарат» газетінің редакторы; Арман Тулебаев, білім бөлімінің әдіскері.
Конкурстың негізгі міндеті-үздік білім беру ұйымын таңдау, бұл өте қиын болса да, – үздіктің үздігі таңдалды. Ұзақ талқылаудан кейін, мектеп қызметін бағалаудың барлық критерийлері бойынша балдарды нақты есептеу нәтижесінде келесі мектептер жүлделі орындар иегерлері атанды: 
Гран-при-мектеп-гимназия
1 орын – Б. Шолақ атындағы мектеп-лицей; 
2 орын – Макинск қаласының мектеп-лицейі
3 орын - №1 мектеп, Қараөзек ОМ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Просмотров: 698


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст