"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ Бұланды филиалы арасында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім жасалды. Екі жақты аудандық комиссия отырысында аудандық білім бөлімінің басшысы А. Жолдыгулова және білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы К. Байтемирова қол қойды . Келісімнің негізгі мақсаты қызметкерлер мен жұмыс беруші өкілдерінің өзара міндеттемелерін айқындау, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіптік кепілдіктерді, жеңілдіктер мен артықшылықтарды белгілеу, сондай-ақ неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.