«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!

26.05.2021

Соңғы қоңырау – бұл мектеп тарихына енетін қуанышты оқиға. Бүгінгі мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Дүниежүзіндегі  эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы оқу жылы баршамызға оңай тиген жоқ. Соған қарамастан, ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз еңбегі республикалық, облыстық деңгейде жоғары нәтижелер көрсете білді. Тағы да бір оқу жылының аяқталуымен барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды және де оқушыларды шын жүректен құттықтаймын. Мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жаңа оқу жылына жайдары көңіл күймен оралуларыңызға тілектеспін. Сонымен қатар, әрбір ата-анаға қолдауыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңызсыз, педагогтарға қашықтықтан оқыту кезеңінде балаларымызға лайықты білім мен тәрбие беру қиын болар еді. Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Жұмыста көрсетілген кәсібилігі мен біліктілігі үшін әрбір педагогқа шынайы алғысымды білдіремін. Жүрегіңіздегі мейірімділік пен даналық ешқашан таусылмасын! Жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

 

Жас түлек, осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған болатынсыңдар, бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басқалы отырсыңдар. Өздеріңнің он бір жыл білім алған алтын ұяларыңмен қоштасып, ұстаздарың  сүйікті шәкірттерін жарқын өмірге қанаттандырғалы отыр. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, еліміздің білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді білдіремін.

 

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст