Текст
29.10.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Республика күніне арналған мерекелік іс-шара аясында «Ахмет Байтұрсынұлы» шығармашылығына арналған «Тіл тазалығы-ұлт рухының айнасы» атты әдеби кеш өтті. Алғыз сөзді «Аманат» партиясының төрағасы Раушан Қожабай мен Хабылхан Елеш сөйледі. Әдеби кешке білім бөлімінің әдіскерлері Ғалия Баитова, Эльвира Ковалева, Светлана Артемьева да шақырылды. Макинск қаласының «Балалар шығармашылық үйі» мен «Аудандық кітапхана» бірлесіп өткізген әдеби кеште Қараөзек орта мектебінің оқушылары А.Байтұрсынұлының шығармашылығына арнаған өз өлеңдерін оқып, ән мен күй орындады. Айнұр Сулайманова «Ахмет Байтұрсынұлының» өмірі мен шығармашылығына арналған көрме мен бейнефильм көрсетілімін ұсынды. Кеш соңында Қазбек Боранбайұлы өз ризашылығын білдіріп оқушыларға шығармашылығы бойынша қошемет көрсетті. Әдеби кеш жоғары деңгейде, жылы әрі сындарлы жағдайда өтті. Қатысушылар бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты.