Текст
20.11.2025
Бұланды аудандық мектеп лигасы бағдарламасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы өз мәресіне жетті. Қызу тартысты ойын көрсете білген жас волейболшылар өз мектебінің намысын қорғауда жан салмады. Оқушылар арасында өтетін спорттық бәсекелер балалардың жеңіске деген жігерін арттырып, командалық ауызбіршілікті нығайтатыны сөзсіз. Жарыс нәтижелері бойынша 1 орынды Алтынды жалпы білім беретін мектебінің командасы, 2 орынды Макинск қ. ЖББМ, 3 орынды Қараөзек ЖББМ және Аққайың негізгі білім беретін мектебінің командасы иеленді.