Текст
25.11.2025
Никольск аулының № 1 жалпы білім беретін мектебінің талапты оқышысы Рахметов Ескендір «ХХІ ғасыр Көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңінен ойдағыдай өтіп, жүлдегері ретінде грамотамен марапатталды.
«ХХІ ғасыр Көшбасшысы» - Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» агенттігінің бірлескен жобасы. Жобаға қатысатын оқушылардың көбі пәндік олимпиадаларда шыңдалған. Білім мен біліктілік сынға түскен сайысқа олар, әрине, тыңғылықты дайындықпен келері сөзсіз.
Облыстық деңгейде ауданымыздың абыройын асқақтатқан Рахметов Ескендірді, ұстаздарды және мектеп ұжымын құттықтай отырып, болашақта да талмай ізденіп, білім шыңын бағындыра беруге тілектеспіз! Талабың асқар таудай биік болсын, Ескендір!