«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Республикалық «Маралтай оқулары» шығармашылық байқауы

02.12.2025

2025 жылғы 26-28 қараша аралығында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында алғаш рет 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Маралтай оқулары» шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 35 оқушы қатысты.

Шараның басты мақсаты –
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Сонымен қатар, жас ұрпаққа ақынның қайраткерлік болмысын танытып, еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін дәріптеу көзделеді.

📚 Байқау ереже талаптарына сәйкес екі номинация бойынша өтті:
1️⃣ «Тарпаң мінезді Маралтай» – қатысушылар ақын Маралтай Райымбекұлының өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу;
2️⃣ «Жас ғасыр, жаңа замана» – жас ақындар өз шығармаларын мәнерлеп оқу.

Ақмола облысынан байқауға 2 оқушы қатысты.

🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
✨ «Тарпаң мінезді Маралтай» номинациясы бойынша Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ахметжанова Аяулым грамотамен және 40 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

✨ «Жас ғасыр, жаңа замана» номинациясы бойынша Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Хызырбек Сырым байқауға қатысқаны үшін берілетін сертификатпен және 30 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

🎉 Шын жүректен құттықтаймыз және алда жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 111


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст