22.12.2025
Бұланды ауданының білім бөлімі мен аудандық прокуратураның бірлесіп ұйымдастыруымен мектеп оқушылары «Жас Ұрпақ» қоғамдық ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты, құқықтық мәдениетті, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Шараға аудандық прокуратура өкілдері, білім бөлімі қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, оқушылар және ата-аналар қатысты. Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық тәртіптің маңыздылығы және қоғамдағы жастардың рөлі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, саналы әрі белсенді азамат болудың маңыздылығы атап өтілді. Салтанатты қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар «Жас Ұрпақ» ұйымының мүшесі бола отырып, елінің адал азаматы болуға, заңды құрметтеуге және білімге ұмтылуға серт берді. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.