«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің меңгерушілері мен педагогтарына арналған аудандық онлайн отырыс

11.06.2021

10 маусым күні Бұланды ауданы әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің меңгерушілері мен педагогтарына жазғы-сауықтыру кезеңін ұйымдастыруды, мектепке дейінгі ұйымның даму жоспарын, үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлігін ұйымдастыруды және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін талқылау бойынша аудандық жиналыс онлайн режимінде болып өтті. Отырыста мектепке дейінгі білім беруді дамытуға бағытталған іске асырылып жатқан жүйелі іс-шаралар кешені ұсынылды.

Әдіскер мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарындағы балалардың сапалы білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер жасауға бағытталған, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін бекітгені туралы айтып өтті Мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары айтылды.

                                                                  

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст