«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды ауданының білім бөлімінің Кеңесі

28.06.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Жолдығұлованың төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен Бұланды ауданының білім беру бөлімінің кеңесі өтті. Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Алдабергенова "2020-2021 оқу жылындағы жұмысты қорытындылау" тақырыбында баяндама жасады. Білім бөлімінің әдіскері С.Артемьеваның "Дарынды балалармен жұмыс қорытындысы туралы" баяндамасы тыңдалды. «Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелері» тақырыбында білім бөлімінің әдіскері С.С. Маликова баяндама оқыды. "Оқушылар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру туралы" тақырыбында ТЖ әдіскері Ш.Қаскеева баяндама жасады. "Білім беру процестерін цифрландыру мониторингі" тақырыбында мониторинг әдіскері А.Төлебаевтың баяндамасы тыңдалды. Білім бөлімінің кеңесінде қосымша баяндамашылар сөз сөйледі, 2020-2021 оқу жылындағы білім сапасының нәтижелері қаралды.

Аудандық білім бөлімі Кеңесінің шешімі 25.06.2021 жыл

 

Білім беру ұйымдарының басшыларына:

1. Жоғарыда баяндалған ақпарат назарға алынсын.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізу.

3. Оқушылардың білім алу бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу.

4. Материалды игеру сапасына жүйелі бақылау жүргізу.

5. Дарынды балаларға қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыру.

6. Дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру бойынша бақылау жүргізу.

7. Аудан педагогтері арасында оң тәжірибені тарату бойынша жұмыс жүргізу.

8. Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі барлық нормативтік құжаттарды зерделеу ("орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрық (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген), 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 "Юридическая газета" газетінде жарияланған ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 2 маусымда № 22904 болып тіркелді.

9. Педагогикалық кеңесте 2020-2021 оқу жылының қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін талқылау.

10. Жазғы демалысты ұйымдастыру жүйесін жаңарту бойынша жұмыс жүргізу.

11. Девиантты кеңістіктің тарылуына, жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюына ерекше бақылау жүргізу.

12. Жазғы демалыс күндері баланың жеке басын әлеуметтендіру, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру.

13. Мемлекет тарапынан қолдауды талап ететін санаттағы балалар мен жасөспірімдерге қосымша әлеуметтік көмек көрсету үшін жазғы кезеңде ЖШС өкілдерімен ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізу.

14. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негізінде, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, балалармен және жасөспірімдермен жұмыстың инновациялық нысандары есебінен тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру, түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу.

15. Аудан мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ аттестаттау құжаттарын дайындау жұмыстарын жалғастыру.

16. Әдістемелік қызметтің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст