«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Білім бөлімінің әдістемелік кеңесі

02.07.2021

Бүгін білім бөлімінің ММ меңгерушісі Ж.Алдабергенованың төрағалығымен Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кеңесі өтті. Әдістемелік кеңеске директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Бірінші сұрақ бойынша сөз сөйлегендер: 2020-2021 оқу жылындағы жұмысты талдау. Алдабергенова Ж.Ж. - ҚБ ММ меңгерушісі. Қосымша баяндамашылар: Нацаренус М.А. – Вознесен ОМ директорының орынбасары, Куренбаева А. К. – Шұбарағаш ОМ директорының орынбасары. Екінші мәселе бойынша: жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері. Маликова С.С. - ҚБ әдіскері. Қосымша баяндамашы: Балпанова С.Р. – Елтай ОМ директорының орынбасары. Үшінші мәселе бойынша: дарынды балалармен жұмыс нәтижелері туралы. Артемьева С.А. - ҚБ әдіскері. Қосымша баяндамашылар: Федорова н. Ю. – №2 орта мектеп директорының орынбасары, Мисуно Т. В. – Аққайың орта мектебі директорының орынбасары. Үлгілік оқу жоспарлары бойынша түсіндіру. Алдабергенова Ж.Ж. - ҚБ ММ меңгерушісі. Қосымша баяндамашылар: Бексеитова а.с. – №1 ОМ директорының орынбасары, Хасихан Е. – №2 ОМ директорының орынбасары.

Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларына:

1. Жоғарыда баяндалған ақпарат назарға алынсын.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізу.

3. Оқушылардың білім алу бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу.

4. Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастыру.

5. Материалды игеру сапасына жүйелі бақылау жүргізу.

6. Дарынды балаларға  қолдау көрсету  бойынша жұмысты жалғастыру.

7. Дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

8. Аудан педагогтері арасында оң тәжірибені тарату бойынша жұмыс жүргізу.

9. Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі барлық нормативтік құжаттарды зерделеу ("орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрық (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген), 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 "Юридическая газета" газетінде жарияланған ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 2 маусымда № 22904 болып тіркелген.

10. Аттестаттау құжаттарын дайындау кезінде аудан педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету жұмысын жалғастыру ұсынылды.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст