«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Мемлекеттік қызмет

27.07.2021

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары;
2) веб – портал "электрондық үкімет"
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде-2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1)өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Қосымша ақпарат алу үшін Бұланды ауданының білім бөліміне хабарласуыңызға болады.

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст