Бiлiм беру қызметкерлерiнiң 2021 жылғы Бұланды ауданында тамыз кеңесi аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері" тақырыбында мектепке дейiнгi ұйым педагогтерiнiң панельдiк сессиясы өттi.2021 жылғы 23 тамызда Аудандық тамыз кеңесi аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері"» тақырыбында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң педагог қызметкерлерiне арналған онлайн тәртiбiндегi панельдiк сессия отырысы өткiзiлдi. Панельдік сессия жұмысына Ж. Мусина атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің өкілдері қатысты,білім беру бөлімінің басшысы, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтері қауымдастығының басшылары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері. Қатысушылар саны 63 құрады.Панельдік сессияда Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі директордың практикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, К. С. Мукушева (П.Ғ. М.) сөз сөйледі., онда педагогтар мен студенттер арасында мектепке дейінгі білім беру жүйесінде күшейтілген жұмыс көрсетілді.Аудандағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайын талдау, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту мәселелері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделін іске асыру шеңберінде (15.03.2021 ж.ҚРҮҚ) 2021-2022 оқу жылына арналған мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру процесінің ерекшеліктері, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, әдістемелік сүйемелдеу және педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.Мектепалды сыныптарында комуникативті-танымдық қабілеттерін,математикалық және логикалық ойлауын қалыптастыру үшін "Қызықты математика"вариативтік компонентінің бағдарламасы қаралып, бекітілді. Қатысушылар панельдiк сессия тақырыбына сәйкес пiкiр алмасты.Панельдiк сессия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.