2021 жылдың 24 тамыз күні география пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің тамыз кеңесі аясында орыс тілінде оқытатын география пәні мұғалімдерінің арасында "Білім беру үдерісінің мазмұндық және ұйымдастырушылық-әдістемелік ерекшеліктері" тақырыбында сессия отырысы өтті. Сессия жұмысында 2021-2022 жж. ИМП, 2020 жылғы 06 сәуірдегі №130 бұйрыққа сәйкес мұғалімнің құжаттамасы, СОБ жаңа ерекшелігі және БЖБ жасау қағидалары, негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтерін аттестаттау қағидалары мен шарттары қаралды. "Партизанка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ география пәні мұғалімі И.В. Шакубаеваның шығармашылық есебі тыңдалды. География пәні мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар әзірленді.