«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

24 тамыз бастауыш білім мұғалімдерінің «Инновациялық технологияларды пайдалану арамыз қылы білім беру сапасын арттыру жолдары» атты дәстүрлі аудандық тамыз конференциясы онлайн форматта өтті.

25.08.2021

24 тамыз бастауыш білім мұғалімдерінің «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру жолдары» атты дәстүрлі аудандық тамыз конференциясы онлайн форматта өтті. Педагогикалық алаңында 135 бастауыш сынып мұғалімдерімен қатар  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Сағындықова Гүлдана Мырзабекқызы «HOTS қалыптастырудағы мұғалімдердің зерттеу құзыреттілігі және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша баяндады және Көкшетау қаласының педагогикалық шеберлік орталығының тренері Пазылова Гүлмира Шойгариновна ««Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту» шеберлік сынып көрсетті. Өз іс-тәжірибелерін ортаға салып,жаңашыл технологиялармен бірнеше мұғалімдер бөлісті:Кенжебаева А.Т.Балуан Шолақ ат.мектеп-лицей, Максимова О.И.,Макинск №2 ОМ,Бондюгова И.Ф.,Макинск №1 ОМ,Вознесенка ОМ мұғалімі Нацаренус М.А.

2021-2022   жаңа оқу жылында  білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие  процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен және 2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы  аудандық білім бөлімінің бастауыш білім бойынша әдіскері Джамбасова Гульнара Тулегеновна таныстырды. Әрі қарай жоспар бойынша бастауыш сынып мұғалімдері, сыныптар бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілердің басшылығымен 8 секцияда жұмысын жалғастырды.

Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» және «Букварь» оқулықтары табыс етіледі.

        21-ғасырдың мұғалімі қандай болуы қажет? Бүгінде мамандар үшін тек өз пәнінен сабақ беру жеткіліксіз.Ұстаздар қауымына жүктелген міндет пен қойылған талап әлдеқайда көп.Педагогтар балаларды жетістіктерге жетелейтін бірден-бір тұлға.Сондықтан,заман мен уақыт талабына сай өзі де дамуы тиіс.

Ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамыпөсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст