Текст
Бұланды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңін өткізді. Президенттік олимпиадаға «Алтын белгі» немесе «Үздік аттестат» иегерлеріне үміткерлер қатарынан 12 оқушы қатысуға өтінім білдірді. Олимпиаданың басты мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағытта дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, білім-білігі мықты талантты жастарға жағдай жасай отырып, патриоттық рухын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру. Ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңге жолдама алып, ауданымыздың намысын облыста қорғайтын болады. Оқушыларымызға Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!