Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ 2021 жылғы 30 қыркүйекте XIV Президенттік олимпиаданың бірінші (аймақтық) кезеңі онлайн режимінде өтті. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11 сынып оқушылары қатысты.
Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
Олимпиаданың бірінші (аймақтық) кезеңіне Бұланды ауданынан 4 оқушы қатысты.