«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

24.10.2018

12 қазанда 2018 жылы

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім

академиясы «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» V халықаралық

ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияда заманауи білім

берудегі ұшқыр мәселелер қозғалып, көзқарастар айтылды. Аталмыш іс-шараға Гонконг,

Ресей елдерінің білім беру жүйесіндегі беделіді өкілдер қатысты. Соның бірі

халықаралық  Гонконг Университетінің

білім беру факультеті Басқармасының төрағасы, математика білімі профессоры

Леунг Фредерик «Білім беру саясаты мен практикасындағы TIMSS нәтижелері»

тақырыбында сөз сөйлеп Қазақстанның математика білімі бойынша әлем аренасындағы

орыны мен оның проблемаларын қозғап, оң пікірін біліре кетті. Сонымен қатар,

Ресей Федерациясынан халықаралық педагогикалық білім беру академиясының

президенті, Мәскеу облыстық педагогика университеті педагогика кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Артамонова Е.И., Урал мемелекеттік

ормантехникалық унивесрвитетенің автомобиль көлігі және технологиялық жүйелер

институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Вербицкая

Н.О. қатысты.

Бұл ісшараға еліміздің түпкір-түпкірінен ұстаздар мен облыстық, қалалық,

аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен мектеп директорлары ат салысты.  Бұланды ауданынан «Балуан Шолақ атындағы

мектеп лицейі» КММ ағылшыны тілі пәні мұғалімі Бахтыбаева Айдын Камалқызы «Білім

беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдерді әдіснамалық және әдістемелік

қамтамасыз ету» атты № 3 панельдік секциясында «Білім мазмұнын жаңарту аясында

ағылшын тілін сатылай кешенді оқытуды үйлестірудің тиімділігі» атты тақырыбымен

сөз сөйлеп өз тәжірибесімен бөлісе кетті. Айдын Камаловна өз баяндамасында Алаш

арыстарының ағартушылыққа бақытталған педгогикалық көз қарастары қазіргі білім

беру жүйесімен үйлесімді екені туралы айтып өтіп, ьыңдаушылардың оң бағасын

алды.

Просмотров: 548


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст