Текст
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 15 қазанда Көкшетау қаласында Bolashag Saraiy базасында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің IX республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты-пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін оңтайлы игере алатын дарынды, шығармашыл қызметкерлерді анықтау, қолдау және ынталандыру.
Бұланды ауданынан 4 мұғалім қатысты, конкурсының қорытындысы:
3 орын – Цимбал Артем Сергеевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі.