27.10.2021
Робототехника бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" атты аудандық байқау.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және балалар арасында робототехниканы танымал ету, жарысқа қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында 27 қазан күні "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында робототехника бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" атты аудандық конкурс өтті. 3 категория бойынша жарысқа ауданның 5 мектебінен 20 оқушы қатысты.
Бұландылық жас робототехниктар дағдылар мен өздерінің білімдердін көрсетті. Әр команда конкурста жүлделі орынға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
"Сызық бойынша жүру" санаты
1 орын – "Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ
2 орын – "Макинск қаласының мектеп-гимназиясы"КММ
"Лабиринт" Санаты
1 орын – "Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі"КММ
2 орын - "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ
"Интеллектуалды Сумо "А"санаты
1 орын – "Капитоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ
2 орын - "Макинск қаласының мектеп-лицейі"КММ
3 орын - "Макинск қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Байқаудың жүлдегерлері 2021 жылдың 5 қарашасында өтетін облыстық робототехника конкурсында Бұланды ауданының намысын қорғайтын болады.
Командаларды жеңістермен құттықтаймыз!