«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидалары

08.12.2021

1. Жалпы ережелер

      1. Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағида қолайсыз ауа райының метеожағдайларында сабақты тоқтату кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметін реттеуге бағытталған.

      3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері жыл сайын:

      1) өңірдің географиялық, климаттық жағдайларына сәйкес, сондай-ақ аумақтық мүдделі мемлекеттік органдардың келісімімен білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштерін;

      2) ата-аналар мен білім алушыларға уақытында хабарлауға жауапты тұлғаларды, нысандар мен әдістерді көрсетіп, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, қолайсыз ауа райының метеожағдайларына байланысты сабақтың болмайтындығы туралы ата-аналар мен білім алушыларды уақытында хабардар ету жүйесін бекітеді.

      Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа:

      1) телевидениедегі жүгірпе жол түрінде;

      2) радиодан тарату;

      3) әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;

      4) 169 телефоны (ақылы анықтама) бойынша хабарлайды.

      Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

      сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 

      4. Мемлекеттік білім беруді басқару органдары күн сайын қолайсыз ауа райының метеожағдайлары кезінде ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарындағы сабақтың тоқтатылуына мониторинг жүргізеді.

      5. Білім беру ұйымдарында сабақтар сабақтың тоқтатылуын жариялау үшін қолайсыз ауа райы метеожағдайларының бекітілген ұсынылған көрсеткіштері негізінде жүргізіледі және білім беру ұйымы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделеді және тиісті мемлекеттік білім беруді басқару органының назарына бірінші ауысым үшін сағат 6.00-ден 7.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысымдар үшін сағат 10.30-дан 12-ге дейін жеткізіледі.

      Оқу сабақтарын тоқтату туралы бұйрықта:

      1) сабақ тоқтатылған сыныптар, топтар;

      2) білім беру ұйымының жұмыс істеу режимі;

      3) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының аталған бұйрықпен танысуына бақылауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілігінің тарапынан жауапты тұлғалар;

      4) білім алушыларды қабылдауды және үйлеріне қауіпсіз жіберуді жүзеге асыратын педагогтер тарапынан жауапты тұлғалар көрсетіледі.

      Сабақты тоқтату туралы бұйрық бекітілгеннен кейін тез арада білім беру ұйымының ресми сайтында және ақпараттық стендінде орналастырылуы тиіс.

      Интернаттық білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақты тоқтату білім алушылардың тұрғылықты жағдайы ескеріле отырып жүргізіледі.

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст