Ақпанның 12 күні «Балуан Шолақ атындағы мектеп лицейінде» облыстық денгейде «Оқу үдерісінде Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбына үлкен семинар өткізілді.. Семинардың мақсаты: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын дұрыс қолдануды игеру мен қатар технологияны игеру арқылы оқу нәтижелілігіне қол жеткізу болып табылды.
Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сагиева Н.Ж. жетекшілігімен семинарға еліміздің білім жолындағы майталманы, профессор, Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова арнайы шақырылды. Сонымен қатар, семинарға ауданның қазақ тілі, тарих, математика, ағылшын тілі, физика, химия пәндерінің пән мұғалімдері шақырылды.
Балуан Шолақ мектебінің мұғалімдері бұл технология бойынша өткен 2017-2018 оқу жылынан бері шығармашылық топ құрып теориялық жағын менгере отырып жүйелі жұмыс жасап келуде. Ал, бүгінгі таңда шығармашыл топ өз жұмыстарының нәтижесін аудан мұғалімдеріне көрсете отырып, технология авторымен пікір алмасты.
Мектеп мұғалімдері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша кіріктірілген түрде, дәстүрсіз физика-алгебра, алгебра-химия, ағылшын- орыс- қазақ тілдері, Қазақстан тарихы-қазақ әдебиеті пәндері бойынша ашық сабақтар берді. Сабақтар жоғары денгейде өткізілді, себебі, білім алушылардың осы технология бойынша білім, білік, дағдыларының қалыптасқаны көрініп тұрды, оқушылар өз беттерінше алдына қойылған мәселені бұлжытпай шеше білді. Осы технологияның өніміні тағы бір үлкен іс шарадан да байқай алдық. Ол оқушылардың осы технология бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиадасы. Олимпиадаға 6-сынып оқушылары қатысты, олар қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен қоса математика, тарих, әдебиет пәнерінен тапсырмаларды ауызша орындады. Бұл олимпиаданың мақсаты осы технология бойынша наурыз айында Республикалық 19-олимпиадасына өтуге іріктеу жасау деп есептелді. Нәтижеде, «Жігер» командасы Республикалық олимпиадағы жолдама алды. Іс-шара соңында мектептің математика пәні мұғалімі Хасихан Еңлік 9-сыныптарға арналған «Математикалық практикум» атты факультатив курстары бойынша математика пәнінен авторлық жұмыс қорғап, автордың оңтайлы бағасын алды.
Семинар қорытындысы бойынша, шығармашыл топтың осы бағыттағы жұмысына жоғары баға беріліп, мектептің білім денгейін көтеру мақсатында Кіші ғылым академиясымен қоян қолтық жұмыс жасауға келіссөздер жасалды.