«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Бұланды аудандағы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде жаттықтырушыларды оқыту

31.05.2019

2019 жылғы 31 мамырында Макинск қаласының мектеп-лицей базасында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде жаттықтырушыларды дайындау бойынша оқыту семинары өтті.

Бұланды ауданының білім бөлімі АҚ «Қазпочта» (Kazpost), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, білім беру ұйымдарының информатика мұғалімдеріне 6 бағдарлама бойынша оқыту жүргізді: базалық цифрлық дағдылар, ашық үкімет, электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер, электрондық сауда, ақпараттық қауіпсіздік негіздері және онлайн POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті.

Халықтың цифрлық сауаттылығының 80% көрсеткішіне қол жеткізу үшін ағымдағы жылы облыс бойынша жазғы кезеңде халықтың әртүрлі топтарының 11,1% жұмыссыздар, үй шаруасындағы жұмысшылар, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлер және 74 жасқа дейінгі азаматтардың өзге де санаттары цифрлық сауаттылықтың базалық дағдыларына үйрету қажет.

Аудан және ауыл әкімдіктері білім беру ұйымдарына цифрлық сауаттылыққа оқыту тізімдерін қалыптастыратын болады.

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст