Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (2019 жылғы 14 маусымдағы №5 хаттамасы)
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 384 б.
Жинаққа 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң
1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019-2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10- сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен білім алады.
2019-2020 жаңа оқу жылында білім беру процесінің нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуі:
мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім