«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

Аутистикалық спектрдің ауытқуы бар баланың ата-анасы үшін негізгі ұсынымдар

12.08.2019

АУТИСТИКАЛЫҚ СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЫ БАР БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ ҮШІН

 НЕГІЗГІ ҰСЫНЫМДАР:

  • АСА бар балаларды тәрбиелеудің міндетті компоненті – психологиялық-педагогикалық түзетулер болып табылады. Баланы ерте басталған қарқынды/ ұзақмерзімді коррекциялық оқыту оныңанағұрлым жайлы дамуына алып келеді.
  • Баланың белгілі бір режимі мен ритмін қатаң ұстануға тырысыңыз (бұл ретте,баланың  қалауын барынша ескере отырып қыдыру, тамақ ішу, ұйықтау, ойнау режимін және т.б.құрыңыз).

 

images8

 

  • Қарым-қатынас жасаужәне оқу үшіныңғайлы жабдықталған орынмен қамтамасыз етуге тырысыңыз. Баланы қалжыратпаңыз, сезімдік жүктемесі ауыр болмауын қадағалаңыз.
  • Баламен мүмкіндігінше жиі сөйлесіңіз, сөйлеу қарқыныңыз тез болмауға тиіс, беретін тапсырмаңыз айқын және нақты болу керек.
  • Балаға оның іс-әрекетін шыдамды түрде сабырмен түсіндіріңіз, ол үшін нақты ақпараттарды қолданған дұрыс болады (сызбалар, кеспе қағаздар, суреттер).
  • Бала тапсырманы дұрыс орындаған кезде әрдайым оны қолпаштап, мақтап отырыңыз. Өйткені, егер бала сіздің тарапыңыздан қолдау таппайтын болса, онда өзімен тұйықталып, сізбен сөйлесуден, қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтын болады.
  • Балаға әрдайым терең зейін қойып, оны байыппен бақылаңыз, оның жайсыздығын білдіретін титтей тілдік немесе тілдік емес белгілерді аулап, түсіне алатын болыңыз.

Мүгедектікті белгілеу сұрақтары бойынша

Скругленный прямоугольник: Медициналық ұйымдар (учаскелік педиатр, психиатр және басқа мамандар), ДКК

  1. тексерілу, бақылау
  2. диагностика, диагноз қою
  3. медициналық оңалту, психологиялық-педагогикалық түзеу
  4. денсаулықтың тұрақты бұзылуы, тыныс-тіршілігінің шектелгені анықталған кезде – медициналық ұйымныңдәрігерлік-консультациялық комиссиясына жіберу
  5. ДКК шешімімен – «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама» электрондық  нысанын толтыру
  6. тұрақты мекенжайы бойынша МӘС-қа жіберу

Скругленный прямоугольник: Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС)

  1. Медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның ВКК жолдамасы мен белгілі бір құжаттар пакетінің негізінде (ҚР ДСМ 2015 жылғы 30.01. №44 бұйрығы), қаралуға келген күні кезекте тұру бойынша өткізіледі
  2. МӘС бөлімдерінің сараптамалық қорытындысы организмнің жай-күйін кешенді бағалау және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі негізінде шығарылады
  3. мүгедектікбелгіленген жағдайда – оңалтуға қажетті құралдар мен қызметтерді айқындау
  4. мүгедектік алу баланың жасына тәуелді болмайды

_____________________________________

 

Қосымша ақпараттарды мынадай сайттардан алуға болады:www.ainar.org,

www.special-edu.kz, nao.kz

 

Жадынама Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігінің қолдауымен әзірленген

whatIsAutism1 изображение хор

 

 

Аутистикалықспектрдің ауытқуы бар баланың
ата-анасына арналған

ЖАДЫНАМА

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан (Астана), 2019 жыл

 

 

 

Блок-схема: процесс:  рис 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУТИЗМ/АУТИСТИКАЛЫҚ

СПЕКТРДІҢ АУЫТҚУЫ (бұдан әрі– АСА)

–сырқат/ ми дамуының күрделі ауытқу тобы, ол тілдесуге және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ қоршаған әлемді қабылдау мен түсінугеәсер ететін адамның әлеуметтік бейімделуінің бұзылуымен, психикалық дамуымен байланысты.

АСА-ның дамуСЕБЕПТЕРІ қазіргі кезге дейін толық анықталған жоқ. Болжамды себептерге тұқым қуалаушылық, нейрофизиологиялық, инфекциялық, уытты, алиментарлық, экологиялық және т.б. себептер жатады.

 

НЕГІЗГІБЕЛГІЛЕРІ:

  • адамдармен, ең алдымен, ата-анасымен, эмоциялық байланыстың болмауы (адамның көзіне қарамайды, ата-анасының қолына ұмтылмайды, жымиып, күлмейді, ата-анасының қолға алып еркелетуіне жиі қарсы болады...)
  • Горизонтальный свиток: Құрметті ата-аналар!
v	Балаңызды жиі бақылап, әр қадамын қадағалаңыз. Егер даму барысында қандай да бір ауытқуды байқасаңыз (оның ішінде жоғарыда көрсетілген белгілерді) керекті кеңестер алып, қажетті тексерілулерден өту үшін тез арада  мамандарға жүгініңіз.
әлеуметтену мен қарым-қатынас жасауда туындайтын проблемалар (өзгерістерден қорқу, басқа ортада отырып-ақ аутизммен ауыратын бала қатты жайсыздық сезінеді, қашып кетуі немесе тығылып қалуы мүмкін)
  • олар көбіне жалғыз отырғанды қалайды, қатарластарымен ойыншықтармен ойнай білмейді, достық қатынас құра алмайды. Ата-анасының қашан келіп, қашан кеткенін аңғармайды. Қатты дыбыстарға, оларға айтылған сөздерге еш елеңдемей, жауап қатпайды, саңырау сияқты қалып танытады. Өзін қоршаған ортаның жағдайын сезінбейді....;
  • көрсеткіштік ишарасының болмауы (мысалға, егер бала бір нәрсеге мұқтаж болса, ол өзіне керек нәрсеге  ата-анасының қолын апарады);
  • қайталама/қалыпты емес халде ұстау, қозғалыстарының стереотиптілігі (қолын сербеңдету, шапалақтау, айналу, теңселу, шеңбер айнала жүгіру, бір нәрсегеүңіле қарау, ойыншықты қалыптан тыс түрде қолдану, ойыншық машинаны жүргізіп ойнамай, оның дөңгелектерін сағаттар бойы айналдыра беру, нәрселерді бір сызықтың бойына тізіп қою ...);
  • дамуындаөз қатарластарынан артта қалуы. Сөйлеуінің бұзылуы, сөздік қорының мардымсыз болуы, жаңғырық сөздерді айта беру (естіген сөздерді, фразалар мен сөйлемдерді бірден қайталау), өздігінен жаңа сөздер құрастыруы (неологизм), өзі туралы үшінші жақтан айтуы, өзіне қарап айтылған сөзді түсінуде тоқтап қалып барып артынан түсінуі, сөйлеу дағдыларының кері кетуі т.б. ...;
  • моториканың бұзылуы (қимыл қозғалысының үйлесімсіздігі, ойыншықты қысып ұстай алмайды, үшдөңгелекті велосипедті не машинаны тебе алмайды, аяғының ұшымен жүруі, тепе-теңдіктің жоғалуы және ебедейсіз болуы, ...)
  • ұйқысының бұзылуы, тамақ жеуде өзін шектеуі;
  • агрессиялық ұстаманың болуы, оның ішінде өзіне қарсы бағытталған агрессия, өзінің тәнін жарақаттауға бейімділігі, жиі қайталанатын есірік;
  • тамақта, киім киюде іріктегіш, таңдағыш болуы...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Горизонтальный свиток: v	АСА МАҢЫЗДЫ! «Аутизм диагнозы бір симптоммен қойылмайды. Тіпті келтірілген бірнеше белгілердің өзі уақытша сипатқа ие болуы мүмкін немесе баланың жеке басының ерекше мінезі болуы мүмкін.
v	Өз бетіңізбен диагноз қоюшы болмаңыз. Ол істі құзыретті мамандарға қалдырыңыз. Өйткені аутизм белгілерімен басқа аурулар болуы мүмкін, немесе керісінше...  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күдік туындаған жағдайда қайда бару керек?

Ең алдымен, өзіңіз тұрған мекенжайға қарасты емханаға/тіркелген учаскелік педиатр дәрігерге/ терапевткеқаралу керек.

Арнайы мамандардың бірқатар кеңестерін алып дәрігердің тағайындауы бойынша баланы тексеруден өткізу керек.

Тексеруге қатысатын мамандар баланытексеруден өткізіп, диагноз қойып, емдеу жолын тағайындайды: психиатр, невролог, психолог, дефектолог, логопед, отоларинголог-сурдолог, окулист, физиотерапевт т.б.

Ерекше білім алуға қажеттілігі бар баланы диагностика мен психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден өткізу үшін психологиялық-педагогикалық түзетушілік қолдау үшін көрсеткіштерді белгілеу, оқу бағдарламасының типін анықтау және одан әрі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумақсатындатұратын мекенжайыңыз бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беруге -ПМПК-гекөрінудің маңызы өте зор.

 

 

 

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст