«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 
Государственное учреждение «Отдел образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области» 

«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Балалар жылына арналған мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша ұсыныстар

20.05.2022

Мектеп бітіру іс-шарасы - бұл кәсіби білім алу және ересектердің тәуелсіз өміріне көшу жолында 11 сынып түлегінің өміріндегі мектепшілік маңызды оқиға.

 

Мектеп бітіру іс-шараларының мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.

 

Міндеттері:

- қазақстандық мектеп түлектерінің имиджін арттыру;

- «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;

- болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсету;

- мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.

 

Мектеп бітіру іс-шаралары

  • Соңғы қоңырау мерекесі – 2022 жылғы 25 мамыр;
  • Аттестат берудің салтанатты шарасы – 2022 жылғы 16-17 маусым;

Мектеп бітіру іс-шаралары міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс.

 

Мектеп бітіру іс-шараларына қатысушылар:

Мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері.

 

Мектеп бітіру іс-шаралары:

- мектеп бітіру іс-шараларын міндетті түрде мектеп қабырғасында және мектеп ауласында өткізіледі;

- әлеуметтік осал отбасылар мен балаларға көмек көрсету бойынша түлектердің «Балаларға мейірімді жүректен», «Туған елге тағзым» қайырымдылық бастамаларына, «Мектепке сый» ағаш отырғызу, «Кітап сыйла мектепке», «Алғашқы ұстазыма алғыс!» акцияларына қолдау көрсетіледі.

 

Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында:

- мектеп бітіру іс-шараларына дайындық барысында әрбір түлекке жеке көзқарас қағидаларын сақтау;

- мектептің қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.

 

Рұқсат етілмейді:

          - іс-шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға;

          - мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге;

          - салтанатты дастархан ұйымдастыруға;

          - прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізу; 

- әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол беруге;

- мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге.

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі
Текст