"Тәуелсіздік жылдарында Елбасының барлық стратегиялық құжаттарында білім беру саласы ерекше басымдыққа ие болды. Бұл жүйеге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та адам капиталы мен елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы маңызды рөлді белгілеп, ерекше көңіл бөледі " - деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы Талгат Ерсеитов.
Конференцияның пленарлық бөлімінде мектепке дейінгі білім беру сапасы, 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын енгізу, Үштілділік жағдайында инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру және түлектерді кәсіптік оқыту мен жұмысқа орналастыру тақырыбына назар аударылды.
Іс-шараның соңында үздік мұғалімдер, үздік орта білім беру ұйымдары марапатталды. Іс-шараның пленарлық бөлігінен басқа мәдениет сарайының фойесінде өңірдің білім беру жүйесі туралы көрме ұйымдастырылды. Онда білім беру ұйымдарының, білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің және тәрбие жұмысы жүйесінің үздік көрме материалдары ұсынылды.